Әркезде пойызға отырған сәттен жол бойы терезеден қарағанды ұнатам. Жолдар маған, әр үмітпен келе жатқан сапарымды сезгендей, бойыма бір ерекше қуат береді. Сосын осы жолдарға қарап:
Ей, жолдар! Сапарымды сәтті ете гөрші. Мені қолдашы. Үмітімнің үзілмей осы жолдардай жалғануын тілейтінмін. Бүгін міне, тағыда жолға шықтым. Барар жолым – Алматы.
Иәә, иәә, ел мақтайтын да, даттайтын да қалаға, араға 10жыл салып, тағы бір жолым түскелі отыр. Алматы-ару қала. Арман қала. Жастар қаласы. Мақтауға тұрарлығы сонда деп есептеймін. Ал, даттайтыны, қаланы әлдекімдер тас қала деп жатады. Бауырыңа баспайтын суық қалаға үйренісе алмағандар қаншама?!...
Бір кездері менің де бал күлкімді ұрлаған қалаға енді қайтып келмеймін деп қайрылмастан кеткен болатынмын. Дегенмен,жаныма ғана емес тәніме түскен жараны да жазу сенің ғана қолыңда екен. Сол үшін қайтып келдім. Сенімсіз түрде келдім. Себебі, сені ұнатпайтынмын Алматы. Бірақ сен маған қайтадан сену керектігін, сабырлық танытуым керек екеніне сендірдін. Үзілгелі үмітімді жалғап бердің. Содан бері мен шын қуандым. Шын күлдім. Алматы тек мықтыларды ғана жақсы көред(і) екен ғой дедім,-іштей.
Ехх, Алматы...сен менің талай мұңды сәттеріме де...егіліп жылаған күндеріме де...жалғыздықта жабығып жүргеніме де талай рет куә болдың...тіпті қосылып жылаған сәтіңді де ұмытпадым. Ол енді бөлек әңгіменің еншісінде.
Он жыл бұрынғы кездер мен қазіргі кездің арасы біршама өзгерді. Мен үшін. Ол кезде менің денсаулығыма бей-жай қараған дәрігерлерге деген көзқарасым, барлық ақ халатты жандарды жек көруге итермеледі. Еріксіз түрде. Алайда мен бәрібір осы дертімді осы жерден, осы қаладан табатыныма сендім. Бұдан былай Алматыны көрмеймін дегеніммен, айналмалы дүние бәрібір өз дегенін жасады. Қайтып келуімнің себебі осы еді. Басқа да ақ халатты жандардың арқасында жоғалған сенімімді қайтардың. Батылсыз, әлжуас қызды қайтпас қайсар мінезбен өжет еткенін үшін саған ризамын!
Пойызымыз Алматыға жақындаған сайын жүрегім қатты соғып кететіні неліктен деймін-ау..) Жо-жоқ, мен қорықпаймын. Саған сенем ғой. Тек сен мені ұмытып кетпесе екен деймін. Әркез келгенімде, мені құшақ жайып қарсы алатыныңды білсем де, Алматы суық қала, жылы жүрші деп алаңдайтын анашыма: Алматы мені тоңдырмайды. Біз енді бауырмалдай достастық қой деймін. Пойыздан түскен бойда күннің көзіңе қараймын.Күн нұрын шашып, жаныма бір жылы лептің самалы есіп тұрғанын сезем. Ол сенің мені жылы қарсы алғаныңның белгісі.
Р.S: Күт мені, Алматы! Мен саған тағы бір сапарымды жасағалы отырмын. Асыға да...сағына...
Р.S.S: айтпақшы, мен аяғымды басып жүріп келем...))
суреттер:mail.ru