Алматы

Алматы
жеке
блог

Алматы дегенде ең алғаш есіме түсетін нәрсе ол - Қазақ Ұлттық Университеті. Ес білгелі жұрттардың !"қайда оқисың, кім болғың келеді?"- деген сұрақтардың бәріне ойланбастан "Алматыға оқуға барамын"-деп, жауап беретінмін. Қазіргі таңда осы алып шахар Алматыда қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік қысымның екінші жылын бастап кешіп жатырмын. Алматыға келіп ақ пен қараны ажыратуды, ол мен солды тануды үйрендім. Шаршаған сәттерде барлығына қолымды бір сілтеп, маңғаз Маңғыстауыма қарай кетіп-ақ қалғым келеді. Дегенмен де жанымның жылуын осы қаладан ғана таба алғандаймын. Жаным құлазыған сәттерде Алматының көшелеріне шығып бір серігіп аламын. Алматы, сен қандай ғажап ең! Менің жанымды түсінетіндейсің. Мен қуансам қуанып, менімен бірге жылайтындай болып көрінесің. Сенде адам жаны  түсіне алмайтын керемет бір күш бар! Сенде мен білмеген қаншама сыр бар. Менде саған ашылмаған қаншама құпия бар... Алматы, сен менің ұйқысыз түндерімнің куәсісің. Сен менің балалық шағымның қол жетпестей арманы едің, әлі де солай болып қала бересің! Себебі, сенен ұзап кеткен сайын қайта оралғым келіп тұарды. Сен менің бөлек әлемімсің, Алматы!