Алматы
блог
Алматы. Алатаудың баурайындағы осынау әсем қала талай тарихтың куәсі. Бір кездері Верный, Алма-Ата, кейін тәуелсізідік ала Алматыға айналған оңтүстік астанамызға биыл 1000 мың жыл толыпты. Біз білетіндей Алматының ғұмырнамасы 1854 жылдан емес, орта ғасырлардан басталатындығын археологтар баян етті.
Кешегі бабаларымыздың заманынан тарихи тағылым болып, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған әсем қаламыз, бүгінде ұлы дала ұландарының арман-үмітін болашақпен жалғап жатыр.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жыл сайын жастар,абитуренттер оңтүстікті бетке алып, Алматыға асығады. Білім алып, еңбек етіп, өмірлік жұбын кездестіріп болашақ бастар нұрлы жолды осыннан іздейді. Жол таппақ оңай емес. Тіршілік тізгінінен ұстаймыз деп жүріп, ащы-тұщысы аралас тағыдырдың тосын сыйларына тап болады. Өмір өткелдерінің бұрын беймәлім болған жаңа қырларымен танысады. Әке-шеше, ағайын-туыстан жырақта жүріп, өмір сабақтарын үйренеді...
Мен үшін, Алматы құдды бір, Нью-Йорк іспеттес. Әлем жұртшылығы "Американская мечта" деп Нью-Йоркқа ағылса, біздегі миллиондаған жанның тағыдыры - Алматыда түйісіп жатыр.
Орыстар үшін Санкт-Петербург, түріктер үшін Стамбул, қытайлар үшін Шанхай қандай бағалы болса, дүйім қазақ үшін Алматының маңызы Сарыарқа төріндегі Астанадан еш кем емес. Алла қаласа, сан ғасырлар бойы Еуразия даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен, белдескеннің белін тірескеннің тізесін сындыратын, керегесі қайыспас, уықтары майыспас, ағасын ардақтап, інісін ізбасарым деп, туыстықты ту қылып,берекені бекемдеп, абырой-атақты биік ұстаған кешегі-түркі, бүгінгі-қазақтың мекені болған әсем шаһарымыздың мыңжылдық мерейтойын өз қадір-қасиетіне сай атап өтерміз деген үміттемін! Ләйім, Алла тәуелсіздігімізді тұғырлы еткей!