Адамның әсемдігі тікелей дененің және беттің терісіне байланысты. Беттің терісін күту, әсіресе жасөспірімдерге қиынға соғады. Себебі, өтпелі кезең кезінде тері аса ерекше күтімді қажет етеді.
Алманың пайдалы қасиеттері баршаға мәлім. РАТА ТАСС агенттігіне сенсек, алма жүрек - қан тамырлар аурулары мен кейбір қатерлі ісіктерге шалдығу тәуекелін азайтады. Ұзақ жылдар бойы жан - жақты зерттеулер жүргізген австралиялық ғалымдар осындай пікірге келіп отыр. Зерттеу авторларының бірі Шон Ландон мәлім еткендей, алманың пайдалы қасиеттерімен бірде-бір химиялық қоспа теңесе алмайды. «Біз жаңа тағам өнімдерінің жасалғаны жайлы жиі естіп жатамыз және ол өнімдер дүкен сөрелерінде үйіліп тұр. Бірақ, олардың бірде-біреуі нәрлілігі және витаминдігі жағынан алмадан асып түсе алмайды» - дейді диетолог-ғалым. Оның айтуынша, алманың пайдасы оның құрамындағы қуатты антиоксидант-флавонидтерге байланысты.
Егер алма адамның ағзасына барғанда осыншама пайдалы қасиеттерін берсе, демек оны сырттай да пайдалануға болады.
Теріңіз жұмсақ болсын десеңіз, алманы аласыз. Ересек адамның денесіне 5 – 6 алма жетеді. Ескерту: алма қатты, әрі экологиялық таза болу керек.
Алмаларды екіге бөлесіз (бір бөлігі бетке жетеді). Әрбір бөлігін бетіңіздің терісіне және денеңізге жағасыз. Бөлік құрғаған сайын, оны алмастырып отырасыз. Міне, осылайша бүкіл денеңізге 5 - 6 алмамен массаж жасап шығасыз. Ал целлюлит бар жерлеріңізді көбірек алмамен уқаласаңыз, целлюлит кетеді.
Алманың теріге қандай падасы бар?
Ең бастысы ол құрамындағы В және С витаминдері арқылы токсиндерден тазалап целлюлитті кетіреді, адам терісіне жетпейтін темірді арттырады және теріге нәзіктік береді.
Эффект күштірек болу үшін 1 алманы жеп алыңыз немесе 1 стакан алма шырынын ішіңіз. Процедура аяқталған соң 3- 5 минут күтесіз. Себебі, алманың шырыны денеге сіңуі керек. Денеңізді жылы сумен шайыңыз. Ал одан кейін теріңізге крем жағыңыз. Осылайша, бірнеше минуттың ішінде - ақ ағзаңыз бен теріңіз түрлі дәрумендерге байып шыға келеді!