Алма қосылған штрудель (байқау)
блог
Massaget.kz ұжымы ұйымдастырған «Apple мәзір» атты байқауға өз мәзірімді ұсынғым келіп отыр. Байқаудың басты ережесі бойынша мәзір құрамында алма болуы керек немесе алманың бейнесін жасау қажет болғандықтан, мен алма қосылған штрудель тағамын таңдадым. Ендеше, төменге көз жүгіртіңіздер.
Қажетті азық-түліктер:
- 3 алма;
- 0,5 стақан мейіз;
- 5 ас қасық қант;
- 1 шай қасық корица;
- 2 ас қасық май (маргарин);
- 2 ас қасық жаңғақ (кез келген);
- қатпарлы қамыр.
Дайындалу жолы:
Мейізді қайнаған суға салып қоямыз.
3 алманы жуып аламыз.
Алманың қабығын ашып қоямыз.
Алманы төртбұрышты етіп тураймыз.
Табаға 1 ас қасық майды салып, қыздырамыз.
Табаға еріген майдың үстіне туралған алма мен 3 ас қасық қантты салып қуырамыз.
Алманың суы шыға бастағанда мейізді салып жіберіп, бәрін бірге тағы 15 минуттай қуырамыз.
Кесеге 2 ас қасық қант саламыз.
Қанттың үстіне корица мен жаңғақты салып, барлығын араластырамыз.
Қатпарлы қамырды төртбұрыш етіп илейміз. Үстіне ерітілген май жағып шығамыз.
Оның үстіне қант, корица және жаңғақты сеуіп шығамыз.
Қамырдың бір шетіне қуырылған алма мен мейізді қоямыз.
Қамырды штрудель етіп ораймыз. 180 градуста қыздырылып тұрған газда 40 минут шамасында пісіреміз.
Штрудель өткір пышақпен абайлап кесеміз.
Алма қосылған штрудель дайын! Сіздерге ұнайды деп ойлаймын!)