Алма кетті домалап... (Эстафета жалғасымен)

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Есімім Гүлшат, уақытша индиялық астаналық қызылордалықпын. Қысқа айтқанда өзім жайлы, хамелеон мен гага құсына ұқсап бақсам деген жанмын. Хамелеон кез-келген жерде, кез-келген ортада өмір сүре алатын болса, ал гага қатал жағдайда да еш мойымай, еңсесін биік көтерген құс. Әріптестерім неге екенін білмеймін, мені Гага деп атайтын, мінезімді соған ұқсатқандығы болар, бірақ ұмтылысымды дәл басқан болатын сол кісілер :).

2. Хоббиің не? 

Ежелден келе жатқан, уақыт өтсе де өзгермеген хоббилерім кітап оқу, би, жаяу жүру, тоқыма, үш айда бір саяхаттап келу. Кейіннен қосылғандары: интернет және крючокпен тоқуды үйреніп жүрмін.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Алдымен, Шығыс Қазақстанды көргім келеді, содан кейін Еуропа елдері. Үлкен де биік арманым - Букингем сарайы :) 

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Биікте самғар қыран болғым келер еді :) 

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

Шыда, шыдап бақ, шыдамдыны сүйіп өтер бұл өмір!

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Жариялықты ұнатпаймын :)

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Оптимистті :))

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Құрметтейтін кісілерім жайлы айтар болсам, Мадонна. Өз ұстанымын көпке мойындата білген, сондай-ақ, әркез ерінбей еңбек ететін, ізденістен шаршамайтын, "жас" шекарасын бұзған кісі.  

Агата Кристи. Еңбектерін сүйіп оқимын, негізі, біздің үйдің "идеалы" десе де болады, бәріміз оның фанатымыз.

9. Сүйікті спорт түрі?

Жанкүйер болу үшін спортта еш шекара жоқ, ал өзім белсене араласар болсам, боулинг пен баскетбол, сондай-ақ, атпен шабу деуге де келмейді екен, дегенмен атпен рысца жасау.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

"Побег из Шоушенка". Басты кейіпкердің кітап құмарлығы және оның түрмеде болса да қайсар кісінің қайдан болса да жол табар деген принципі. Бірнеше рет қарап, сонша рет жылағаным бар :).

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

Маған советник рөлі болса болды, басқасына бас қатырмайм :).

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Бір адам басым болмау керек негізі. Үйде сол шешеді, сол басқарады, ақша тек сонда болу керек деген екінші жақтың инфантильні болуына әкеледі. Инфантильді жан деген өмірге қырсыз адам, сондықтан, либералдылық болу керек отбасыда

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Көзді жұмып қойып кетер едім :). Қысқа ғұмырдың әрбір минуты бағалы болмақ сүйіктіңмен, сондықтан, не стоит разбрасываться счастьем :).

14. Жазираның қойған сұрағы: Мысалы орыс халқы өздері үшін өмір сүреді. Ешкім ешкімнің алдында міндет емес. Ал біздің халық көбінесе отбасын құрғанға дейін ата-анасы үшін, отбасын құрғаннан соң балалары үшін өмір сүреді. Өмір бойы біреу алдында жауапты сезіну өмір сүруді қиындатпай ма?

Мен отбасы институтын дәріптеген жанмын. Сондықтан, отбасыға қызмет ету дегенге жақсы қараймын, әсіресе, аға-апаларым маған көмектескенде :))). Ата-анасына дегені, айтқан алғысы, баласына дегені - өзінің ертеңі.

Өз кезегімде эстафетаны Кәусарға "Сен үшін алыс не, жақын не?" деген сұрақпен бермекпін, қарсы алғайсыздар :))).



Бөлісу: