Дыыыыың....Дыыыыың....
-Алло?
-Алло,жаным???
Дың-дың-дың.....Дың-дың-дың....
Дыыыыың....Дыыыыың....
-Абонент байланыс аясынан тыс жерде немесе.....
......................................................................
(дауыстық хабарлама)
Алло,жаным,тыңдашы? Менімен сөйлескің келмеседе сені сүйетін жанның сөзін тыңдашы? Тіпті не дерімді де білмей қалдым ау.... Кешір мені... Менің аңғалдығым мен ақымақтығымды кешіре алсаң кешір. Сенің жаныңды жаралап,жүрегіңді ауыртқаныма қатты өкінем. Рас,қаншама рет айтқанда болармын,соншама рет кешірім сұрағанда болармын.Алайда мен дәл қазіргі сәттегідей сенің қадіріңді білмеген екенмін. Ақымақтық ай десеңші... Мына өмірде сүйікті жаныңнан бір сәтке ажырамай қадірін ұға алмайды екенсің. Есіңде ме,ең алғаш танысқан кезіміз?Менің саған көз алмай қарап,жас балаша мәз болғаным,ал сенің қысыла жанарыңды төмен қаратқаның? Жүрегімнің лүп етіп саған жеткенше демімнің үздіккенін,жеткен соң тілім байланып сөз түспегенін? Тіл не керек,мен сенің мөлдіреген жанарыңнан ақ бәрін түсіндім,түгел ұқтым. Ғашықтың тілі-тілсіз тіл,көзбен көрде ішпен біл дегеннің шын мағынасын енді білдім. Жан дүние үйлесімділігі деген осы екен. Өмір қандай тамаша еді! Жанымда сен барда мен үшін мына әлем қызыққа толы,мәнге ие. Сенің жаныңда мен-Төлегенмін,Қозымен,Мәжнүнмін,Одиссеймін,қала берді Ромеомын. Сен менің-Жібегімсің,Баянымсың,Ләйлімсің,Пенелопамсың,қала берді Джульеттамсың. Өмір оларды қоспаған болса да махаббаттары сан ғасырларға арқау болған ғашықтардың өмірін емес,таза сезімдерін,кіршіксіз таза көңілдерін қалаймын. Махаббат мен үшін үлкен күш,тылсым сыр. Шешілмес жұмбақ.
Алаңғасарлыққа салынып сенің жаныңа терең үңілмеппін ау. Сағанда қиын екен,ал мен түк түсінбеген екем. Сағанда жылулық жетпеген екен,ал мен бере алмаған екем. Сағанда көңіл жетпеген екен, ал мен бөле алмаған екем. Үлкен,үлкен армандарға беріліп кетіп,қарапайым нәрселерге мән бермей қалған екем. Сенің жаныңның үлкен үй,көлік,ақшаны емес,жай ғана қарапайымдылықты қалағанын жете түсінбегем екен. Үлкен арман ол-СЕН. Арманымның бастауы,жүрегімнің қалауы,көңілімнің жалауы боларда тек-СЕН. Қыз жанын түсіну жігітке қашанда оңай болмайды. Басыңды тауға да,тасқа да соқсаңда бір рет қыз көңілін қалдырғаныңның өтеуі болмас. Сынған шыныны жалғау мүмкін болмайтындай,шашыраған махаббатымыздың сынықтарын бүтіндейік?
Кешір мені...
............................
Дың-дың-дың.....Дың-дың-дың....
-Алло?
-Жаным сол!