Алланың сізге жақын болғанын қалайсыз ба?

Алланың сізге жақын болғанын қалайсыз ба?
жеке
блог

  Сіздің бірден "-Ия,әрине.Мұны кім қаламасын?" деп ойлағаныңызды сезіп отырмын.Дәл қазіргі заманда проблемасы жоқ адамды кездестіру мүмкін емес шығар...Бірақ,АЛЛА - ұлы!Алла қандай қиындық жіберсе,шешімін бірге жібереді.Мен сізге бұл жағынан көмектесіп көрейін.Алланың 99 есімі бар,есімдердің әрқайсысының өздеріне тән мағынасы,қасиеті,ерекшелігі бар.Егер сіз осы есімдерді қайталап,дұға жасайтын болсаңыз,Алла сізге көмектесіп,дұрыс жол көрсетеді.Мен сіздерге сол есімдердің бірнешеуінің мағынасын түсіндіріп көрейін:

42.Әл-Жәлил(аса ұлық)

 Осы көркем есімді қағазға немесе матаға жазып,өзімен алып(сақтап) жүрген пендені Алла сый - құрметке бөлейді.

44.Ар-Рахиб(бақылаушы)

  Отбасы мен мал-мүлік түрлі бәле-жаладан аман болуы үшін Алланың осы көркем есімін 7 рет оқып,оларға дем салу керек.Сондай-ақ өзінің жеке басы үшін де солай етуге болады.

45.Әл-Мужиб(тілекті қабыл етуші)

 Осы есімді көп рет қайталаған адамның дұға-тілегі қабыл болады.Қандай да тілек айтып,дұға етерден алдын осы көркем есімді лажы барынша бірнеше рет дауыстап айту керек.

47.Әл-Хаким(дана)

 Алла білім мен даналықтың есігін ашады.

49.Әл-Мәжид(даңқты)

 Кімде-кім науқастанып қалса,айдың 13,14,15-і күндері(айдың тоғысқан күндері) ораза тұтып,ауызашарда осы есімді көп рет қайталап,суға үрлеп,сол сумен ауыз ашу керек.Алланың құдыретімен сырқатымен айығады.Ал бұл есімді дәйім айтып жүрсе,басқалар тарапынан сый-құрметке бөленеді.

63.Әл-Хаий(мәңгі тірі)

 Денсаулығымыз мықты болуы үшін күніне бірнеше мәрте қайталауымыз керек.

69.Әл-Қадир(құдыретті)

 Арман - тілектердің орындалуын жылдамдатады.


  P.S.Мен бұл есімдерді өзіме жазып алған едім,сондықтан сан-ретін өзгерткім келмеді.Егер сізді басқа мәселе толғандырса,интернеттен қалған есімдерді іздеп көрсеңіз болады.Сіздерге бұл есімдердің көмегі болатынына сенемін.