Алланың бұйрығы бұл талқыланбас!

Алланың бұйрығы бұл талқыланбас!
жеке
блог

Байқап ал байлайтынын кім бағыңды,
Бұрған жөн жақсылыққа тіл жағыңды.
Біл, қазақ, орамалды шешкеніңде
Шайттанның сөзін сөйлеп тұрғаныңды,
-деген саралы сөздерден орамалды тағудың қажеттігін байқаймыз.

Дегенмен де, бүгінгі күні орамалдың мағынасы мен киесін, сондай-ақ қадірін жоғалтып алған тәріздіміз. Орамал тағып жүрген келіндерді сирек көресің. Тіпті, көшеде болсын, қай жерде болмасын келін бе, әлде қыз ба ажырата алмайсың. Еліктеушілік пе, әлде заман ағымы деген теріс пікірлер ме,әйтеуір дәстүріміз ұмытылып бара жатқандай. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Орамал тағып жүрген ибалы келіндеріміз бен аналарымыз да бар, бірақ саусақпенен санарлық. 

Әйел өзінің орамалымен көрікті. Жарасымды ғып ұзын киінуімен ибалы. Қазақтың «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. 
Жалпы, орамал тағу бұл-Алланың бұйрығы. Орамал-дәстүр, әрі тазалық пен гигиенаның белгісі. Әрі бұл бір міндет. Әйел адамның етек-жеңін жауып, басына орамал тағып жүруі арабтан, парсыдан не түріктен келген дүние емес, керісінше ол біздің ата-дәстүріміз.
Құрметті, қыз-келіншектер! Ата-бабаларымыздан аманат боп қалған рухани дүниелеріміз бен салт-дәстүрімізді құрметтейік, сақтайық, орындайық! 
...Құранға қарсы шығып халқым оңбас,
Өзен боп жанарлардан сарқырар жас.
Орамал тарту – жат ел дәстүрі емес,
Алланың бұйрығы бұл талқыланбас!