Алла деп...
жеке
блог
блог
Алла-деп таңды атырған,
Алла-деп күнді батырған.
Үмбеті қайда Алланың
Иманға бәрін шақырған?
Арман,бақыт,махаббат,
Мейірін берген шапағат.
Алланың күші бәрі де,
Осыны білгей жамағат.
Ашқан құран беттерін,
Жастарым қайда жалынды.
Қартым қайда айтатын,
Дәстүріңмен салтыңды.
Шығарма естен ағайын,
тілің менен дініңді.
Алланы тану өмірде,
Қажет етпес білімді.
Жүректі бұрып Аллаға,
Жығылғын достар намазға.
О дүниеге барған соң,
Түсесің бәрің таразға.