Алькогольді азық қылған адамдар

Алькогольді азық қылған адамдар
жеке
блог

                     Алькогольді азық қылған адамдар.

         Егер де өмірде бір тілегімді орындайтын мүмкіндік туа қалса міндетті түрде  «Алькоголді түп тамырымен жоқ етсе ғой »деп тілер ем. Себебі осы арам судың адам өмірін қуыршақша иіріп, өз уысынан шығармай отырғанына қарап ішім ашиды, қарным ашады. Қамшының сабындай қысқа өмірін арақпен құрбы боп өткізіп жатқан адамдардың санында есеп жоқ шығар. Оларға арақ адам өмірінің мәніндей көрінетін шығар мүмкін.Неге оның зардаптарын көрмейді екен шіркін ай!

        Жақында бір құрбым жан сырын айтып жылады. Себебін білгенде өз қолыммен өлтіріп тастағым келді әкесін. Ешқашан маған отбасы туралы айтпайтын. Сол жолы ғана неге айтпайтынын түсіндім. Алғашқы айтқан сөзі:  Әкесі ішкен үйдің қандай болатынын білсең гой. Одан да әкеңнің балмағаны артық шығар деді. Басында түкке түсіндебім. Көз жасымен бірге шыққан сөздері жүрегімді езіп жіберді. Қазір барып өліп алсам арманым болмас еді шіркін. Өлу туралы ой тіпті санамды жаулып алған. Қанша рет талпынып көрдім бірақ мені ұстап тұрған анам мен бауырларым бар. Анам болса ауырып жатыр. Артымда ілесіп бауырларым келе жатыр. Қалай оларды қиып кете қалам. Олардың болашақ өмірі менің қолымда, әрі олар кішкентай, мектепте оқиды. Қазір қаладамын.  Құлағым тыныш болғанмен үйге барсам тездетіп кетіп қалғым келеді. Шаршадым бұл өмірден. Мектепте оқығанда әкемнің ішіп келіп айқайлап ұйқы бермейтіні, түнде арақ  тап, темекі тап деп қуатыны, шешемді көкала қойдай сабайтыны аздай, «алқаштың қызы» атағына да ие болдым. Осыдан кейін қалай өмір сүргің келеді. Әке сенің асқар тауың, өмір бойы құрметтеп өт дейді. Ол біздің құрметімізге лайық па? Кейде біз қандай тәрбие көрдік деген де ой келеді. Мен ғой қыз баламын. Ал бауырларым ше? Кедейлігіме кейімеймін. Осынша қолымнан еш нәрсе келмейтін сормаңдай болғаныма кейимін. Қазір қолымнан не келеді менің. Қазір өлсем. Онсызда қан жұтып жүрген анамды аяимын. Әкемді өлтіріп тастайын десем сотталып өз өмірімнің ойранын шығарам. Шыдау керек деймін. Шыдамның да шегі бар ғой!!!- дегенде әншейінде бүйт сөйт деп кеңес бергенде жанымды салушы ем. Не деп жауап берерімді білмедім. Қырқына шыдап қырық біріне шыдамадың ба?! Өлу туралы тіпті ойлама! Құдай адамды бұл өмірге сынау үшін жаратқан! Басы қатты болса аяғы тәтті болады деп басу айттым. Іле шала жылап отырған ол қарсылығын білдірді. «Көзімді ашқалы жиырма жыл көргенім арақтан басқа ештеме емес, қашанға дейін шыдаймын,»-деп өкірді. Мен оның үнемі күліп жүргенін көретінмін. Сол күлкінің астарында осынша мұң барын қайдан білейін. Егер мен оның орнында болсам не истер ем? Деп өзіме сұрақ қойдым. Сіз қандай кеңес бересіз!?