Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі-халық әндері мен терме-толғаулары.Бұлардың тәрбие үшін маңызы өте зор.Рухани мұраларымызда салт-дәстүр,тарих,әдеп мәселелері көрініс тапқан.Ұрпақ соларды оқып-үйрену арқылы бойларына сіңіреді.Демек,сөзіміздің арқауы болып отырған халықтық шығармалар-ұлттық тәрбиенің құралы.Қазақтың халық әндеріне қатысты байқаулардың жиі өткізіліп тұруы осы себептен.Асыл мұрамызды оқыту мәселесі де тәуелсіздік тиген соң қолға алынды.
Пікіріміз жас таланат Маржан Әптербек жайлы.Ол-Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы.Кішкентай кезінен домбыраға,музыкаға әуес болыпты.Оның репертуарына Ғарифолла Құрманғалиевтің "Әнші дауысы", халық әні "Бозбала", "Сартай термесі" және қазіргі заман композиторларының туындылары енген. Маржан әдемі дауысының, мәнерлі қағысының арқасында "Балдәурен-2012" облыстық балалар шығармашылығы байқауының "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі лауреаты және "Балдаурен-2013" телевизиялық байқаудың 2-ші орын иегері атанды.
Маржан бұдан кейін де Алматы облысында өткен "Ақ көгершін" фестиваль-конкурсында мақтау дипломын иеленді. 2014 жылы республикалық "Аспаптық музыка" атты ән сайысында бас жүлдені олжалады.
Талапкердің жеңіске жетуіне бірден-бір себепкер өнерге деген құштарлығы. Маржанға талабыңа нұр жауып, қадамыңа гүл бітсін дейміз. Оның әлі де көтерілер биіктері көп.