Әлжуаз кинолар

Кейінгі кезде әлжуаз яғни романтикалық киноларды көп қарап кеттім. Негізі бұл дұрыс емес. Көп нәрселерге нейтрал көзбен қараудан қаласың. Осы әлжуаз киноларды көріп отырып, смс жібергің кеп кететін кездерді көп байқап жүрмін. Сомен, кинолар туралы:

Три метра над уровнем неба. Кино 22 жасқа дейінгі жастарға арналған фильм. Әлі ұшып, нақты бір шешімге келмеген сәттерден хабар береді. Сенген адамыңның сенің кейбір ақымақтық қылықтарың үшін сенен бас тарта алатының айқын дәлелін көрсете білген сияқты. Маған ұнаған нәрсе жігіттің бейнесі: 

 жігіт сыртқы келбеті, мінезі бәрі тартымды. Кейде, андай қыздарға нервым ұстап кетеді, бірақ оның таңдауын түсінуге болады. Өзінің принціпін өзінен жоғары қоятын адамдармен өмір сүру қиындық туғызады. Жалпы, кино әдемі түсірілген. Дәл қазіргі жастардың өмірі мен қызығушылығынан хабар береді. 

Любовь живет три года. Кітабын оқымадым, бірақ режиссер махаббаттың үш жыл өмір сүретінін дәлелдеуге тырысып бағыпты. Негізі киноны көруге барудағы мақсатымызды осындай бір теорияны дәлелдеу еді :), соған жеткен сияқтымын. 

 Өзінің бөлесінің әйелін тартып алған махаббат үш жыл ғана өмір сүреді деген жураналист жігіт өзінің оңбай ғашық болып қалғаннын сезбей қалады.  Соңында өз теориясынан бас тартады, бірақ тағдыр бәрібір соны дәлелдеп бергісі келгендей толқыннан соғып жібереді. Вот бақыт деп, отырғанда соңы адамды кәдімгідей шошытып жібереді.  

Жалпы деймін да, шынымен махаббат белгілі бір уақытқа шейін өмір сүретін сияқты. Одан кейін оның орнын түсінушілік, сыйластық, бауыр басып қалу, достық, семейные узы, ата- аналық парыз, сабырлық алып алатындай. Махаббат кетіп қалғанда семьяны сақтап солар ғана қалатындай. Мен атаған жағдайлар басып алып қала алмай қалған жағдайда жұптар айырылысады. Былайша айтқанда, шешімі табылмаған дәлелдеулер... 

Счастливчик. Иракта соғыста болып келген әскер, соғысып жүрген жерінде тауып алған суреттегі қызды іздеп келіп сонымен бақытты болып кетуі туралы кино. Кино желісі өте қарапайым, оның жолында кездескен қиындықтарды тағдыр өзі оп-оңай шешімін тауып беріп отырады. Басқа, кинолардағыдай шатасқан қарым-қатынастарда, өгей баламен қиындықтарда бұл жерде орын алмаған. Киноның атына сәйкес сюжет. 

 Маған ұнағаны: жігіттің көзі. Әдемі, шынымды айтсам кино бойы соның көзін аңдып отырдым. Баласының сүйкімділігі.

Американдықтардың ойы өз орынңды табу, махаббат басты орында, сені біреу сүйсе қуан деген түсініктерінен аса алмаған фильм. 

Жалпы алғанда, үш киноны да романтикалық жағдайда көруге болады. Ұнады!   



Бөлісу: