Әлиxан Бөкейxанұлын «жабайыға» теңеген кім?! Қазіргі массондықтар

Әлиxан Бөкейxанұлын «жабайыға» теңеген кім?! Қазіргі массондықтар
жеке
блог



Соңғы үш жыл бойы республикада ресми түрде «еркін масондар» тіркеліп, осы уақыт ішінде олар төрт лажаны құрады. Осы жақында ғана Forbes.kz журналисі Алматыда Қазақстандағы басты массондарының басшысымен қонақүйде сұxбат жүргізген болатын. Журналистермен кездесуге Қазақстандағы лажаның «ұлы» шебері Берік Жұбанияз мен оның көмекшісі Сергей Кравченко келді. Екеуіде бизнесмендер және массондықтар стильіне сай қара костьюмде киінген еді. Айта кететін жәйт, сұхбаттасушылардың екеуіде сұхбатқа бірден келісті. Кездесу барысында, олар қызмет ететін ұйым көптеген қылықтар мен түсініктемелермен қоршалған екендіктерін айтып, өз ұйымдарын мадақтаған еді.
Қазақстандағы масонның тарихы Берік Жұбаниязмен басталды десек қателеспейміз. Бірнеше жыл бұрын ол Ресейдің «Цитадель» деп аталатын үлкен лагеріне хат жазды және оны бауырластық қатарына алуды өтінді. Сосын үш жыл бойы жауап күткен. 2011 жылы ғана Мәскеуге ұшып, сұхбаттасудан өтіп оқушы ретінде қабылданды.
«Ресейдің ұлы лагерінің ұлы шебері Андрей Богданов менің Қазақстаннан шыққан тұңғыш бауырлас екенімді айтты», - дейді Жұбанияз мырза.
Төрт жыл өткеннен соң Берік Жұбанияз Қазақстандағы алғашқы масон лагерін құру туралы келісімге ие болады. 2015 жылы Масондардың сөздік термині орнатылып, олар құрып жатқан ұйымға Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. Олардың кездесулері Алматыда қазақ тілінде өтетін. Кейінірек тағы үш қоныс ашылды: оның екеуі Алматыда (орыс тілінде «свет востока» және ағылшынша сөйлейтін «united nomadic brothers» ) және біреуі Астанада (орыс тілінде «Бәйтерек»). Ендігі кезекте туындаған басты сұраққа тоқтала кетсек,неге масондар жиырмасыншы ғасырдың басындағы саясаткердің есімін лақап аты етіп алды?!
«Бұл аңызға айналған тұлға, Қазақстанның патриоты», - дейді Сергей Кравченко. - Бұдан басқа, Әлихан Бөкейханов массон болды, бұл белгілі факт деп өз сөзін аяқтады.Дегенмен сол уақыттағы Әлиxан бабамыздың массондар ұйымына кірудегу өз мақсаты бар еді. Тәуелді елімізге, тәуелсуздік алып беру- оның түпкі мақсаты болатын.Ал,қазіргі құрылып жатқан ұйымның мақсаты не? Жұрт неге Берік Жұбаниазды Қазақстанның алғашқы массоны деп атайды?
Кравченканың айтуы бойынша: «тұрақты массондар Англиядағы Біріккен Ұлы Лотпен танылған бұйрықтар. Тұрақты емес адамдар ресми түрде танылмайды, бүгінде олар «либералды» және тіпті «жабайы» деп аталады. Бөкейханов осыған жататын еді. Әрине, Қазақстанда және тұрақты массондар болды, негізінен шетелдіктер».
Жалпы тәуелсіздік үшін өз жанын аямай,отаны үшін отқа да түсе білген ардақты ер азаматымыз Әлиxан Бөкейxанов үшін мұндай айып тағу қате деп ойлаймын.Оған қоса олай айтатындай бұл ұйымның елімізге тигізіп жатқан қандай шапағаты бар?! Әр жасаған қадамын елден жасырып ұстайтын ұйымның бұлай дегені ақылға қонымсыз. Сөз соңында ұйым болып құрылғалы төрт жыл уақыт болғанымен өздерінің нақты мақсатын көрсетпейтін, әйтседе түбі жоқ тұңғұйыққа жетелейтін бұл ұйымның болашақта өз жұмысын тоқтатқанын тілейміз. Өзгенің қаңсығын таңсық көргенше, өзіміздің барымызды бағалайық,ағайын……