Алишер Қайратұлы: «Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқау маған үлкен рух берді»
блог
Алишер Қайратұлы: «Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқау маған үлкен рух берді»
- Сіз өнер жолына қалай келдіңіз?
- Сонда Қайрат Нұртас сіздің туысыңыз ба?
- Отбасыңызда өнерге жақын адамдар болды ма?
- Әнді қалай таңдайсыз?
- Қоржыныңызда әзірше қанша ән бар?
- Сіз еліктеуге лайық деп қай әнші, жұлдызды айта аласыз?
- Сіздіңше өнердің ең биік шыңы деген қандай жетістік?
- Жасыңыз 16-да екен. Балалық дәуренмен қош айтысып, жігіттік шаққа да жетіп қалыпсыз. Бала күніңізден не түйдіңіз? Ақшаға сатылмайтын дүниелер деп нені айтасыз?
- Әндеріңізді қай студияда жаздырасыз?
- Келешекте бала арманыңыз орындалып, үлкен өнер адамы болсаңыз, өнер өкілдері арасында қай қасиетті жоғары бағалар едіңіз?
- Сізге бала кезден ұнамайтын дүниелер...
- Анаңыздың ең жиі айтатын ақылы...
- Неше ағайындысыз?
- Сіз өзіңіздің бағыңызды жаққан қай ән деп ойлайсыз?
- «Алматы түні» әнін таңдап алуыңыздың себебі неде?
- Арман орындалады дегенге сенесіз бе?
- Сіз жаңа ғана сахнаның киесін сезініп жүрген жас талантсыз? Сахнада қатты қобалжисыз ба?
- Ән айтудан өзге басқа қандай хоббиіңіз бар?
– 12 жасымнан бастап, мен ән өнеріне қатты қызықтым. Бала кезімнен Мейрамбек Беспаевтың, Қайрат Нұртастың әндерін тыңдап жүрдім. Солар секілді ән әлеміне қанат қағуды қиялдаушы едім. 2012 жылы, ол кезде мен 15 жаста болатынмын, апамның үлкен тойына өнер көрсету үшін Қайрат Нұртас келді. Оның әнді жан-жүрегімен тебіреніп айтқандығы, сахнадағы шынайы қимылы маған ерекше әсер етті. Өнер жолына келуіме шабыттандырған да сол әнші ағам деп айтуға болады.
– Жоқ, туысым емес.
– Гүлжамал апам ғана жас кезінде ән айтып би билеген.. Ал әкем мен анам өнерді ерекше сүйетін жандар. Сахнада ән айтпағанымен, гитарамен ән шырқап, көңілді кештердің себепкері болып жүреді.
– Ең бастысы, ән жүрегіме жақын болғанын қалаймын. Және ән таңдарда отбасыммен ақылдасып, кеңес сұрауды да жөн көремін. Бірінші, мен үшін әннің сөзі, мән-мағынасы маңызды, содан кейін барып әуенін таңдаймын.
– Қайрат аға екеуіміздің дуэт болып орындайтын екі әніміз бар. Бірі – «Алматы түні», екіншісі – «Қалай жетемін». Үшінші ән жаздырып койдық өңделу үстінде алла каласа олда жарыкка шыгады.
– Қайрат Нұртас (күліп). Әзірше...
– Халықтың ыстық ықыласына бөлену. Тыңдарманның жүрегіне ой салып, тебірентетіндей керемет әнші болу. Өз еліңе танылу.
– Ақшаға сатылмайтын дүниелер деп махаббатты айта алар едім. Әсіресе отанға деген махаббаты айталық. Қазіргі заманда денсаулықты да сатып аласың. Дұрыс тамақтанып, емделу үшін де қаражат керек.
– Әр түрлі студияда. Жеке студиямыз жоқ.
– Адалдық, адамгершілік қасиеті. Өнер – әншінің жеке меншігі емес, өнер халықтікі. Жұлдыз сол халықтың өнеріне адал болса екен деймін. Рухани бай, жүрегі таза, иманды адамдар ғана өнердің ортасында жүріп, елге үлгі бола алады.
– Өтірік айту, жалған мінез көрсеткенді ұнатпаймын. Лайықсыз мақтанатындарды су қаным сүймейді. Қандай жағдай болмасын, өмірде де, өнерде де «арық сөйлеп, семіз шыққанды» мақсат тұтамын.
– «Сабыр түбі – сары алтын» деп, сабырлыққа, ұстамдылыққа үнемі тәрбиелеп отырады.
– Үш ағайындымыз. Ағам Аркен, өзім және ең кіші бауырым – Абылай. Ағам Ұлыбританияда білім алуда, қазір студент. Ал інім 5-сынып оқушысы.
– «Алматы түні»
– 2012 жылы жоғарыда айтып кеткенімдей апамның тойына Қайрат Нұртас келген болатын. Сол кезде мен әнші ағама Сізбен бірігіп ән айтсам деген арманым бар дедім. Ол менің табиғи жанды дауысымды тыңдап келісімін берді. Менің қуанышымда шек болмады. Себебі осы уақытка дейін қаншама ұсыныстар түскен Кайрат ағамның мені таңдауының себебін әлі күнге дейін білгім келеді. Қуанышты хабарды естіген соң ел ықыласына боленген яғни Қайрат аға екеуміз ән іздеуге кірістік. Қаншама ән таңдауымызда болды, бірақ жүрекке ең жақыны, дуэтке лайықты деп осы әнге тоқтадық. Бұл ән ертеректе қобызшы әпкеміздің Ақерке Тәжібаеванын орындауында музыка болатын. Сөзін өнердегі сегіз қырлы, бір сырлы Толғанай әнінінң авторы Қүрманай Бақтиярқызына жаздырдық. Ән сәтті шығып мені үлкен қуанышқа болеп жатыр.
– Әрине, егер адам шын қаласа, сол дегеніне жетеді. Ол әр адамның өзіне, қабілетіне, мақсатына, ниетіне байланысты деп ойлаймын.
– Есімде қалғаны, алғаш рет Қайрат Нұртаспен бірге Республика сарайында ән шырқағанымызда, қатты қобалжыған кезім. Мұндай үлкен сахнада алғаш ән орындап жатырмын және менің жанымда бүкіл Қазақстанның сүйікті әншісі бірге ән айтпақшы. Қателесіп кетемін бе деп ойладым. Бірақ ағамның сахнада шынайы эмоциямен беріле ән айтып тұрғандығы ерекше рух берді. Сол сәттер әлі көз алдымда.
– Спортпен айналысамын. Бос уақытымда дене жаттықтыратын түрлі үйірмелерге барып тұрамын. Әкем үшін менің әнші болуым міндетті емес. Дегенмен, әкемнің ерекше қолдау білдіріп, алға жетелеп отыратындығы, сенімі үлкен күш береді. Ол, қарапайым жұмысшы бол, әнші бол, әйтеуір қазақ деген атқа лайық азамат атанып, еліңнің ұлы бол деп тәрбиелейді.
Сұхбаттасқан Айгүл Дәден