Алғысым шексіз, тәуелсіз еліме!
блог
Желтоқсанның 19 мен қаңтардың 9 аралығында қысқы демалыс уақытын Малайзия елінің астанасы - Куала- Лумпур қаласында өткізу мүмкіндігіне ие болған қаламыздағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8,9,11 класс оқушылары 720 оқушыдан 69 оқушы болып әкімшілік ұжымның сеніп таңдауының нәтижесінде іріктеліп алынған болатын. Соның бірі-өзім едім.Малайзия еліне жіберудегі басты мақсат: Cambridge бағдарламасы негізінде ұсынылған ағылшын тілін жетілдіру, оның ішінде listening,speaking тілдік қабілеттерін арттыру және де ғылыми білімін робототехника,физика, химия, биология салалары бойынша түрлі тәжірибелер мен практикалық зерттеулер жүргізу арқылы арттыру, сонымен қатар дамыған елдердің тынысымен танысып, өмірлік тәжірибе жинау болып табылады. Малайзия елінің тартымдылығы -көздің жауын алатын жасыл -желек көшеттері мен жұпар аңқыған гүлдері, сонымен қатар биік-биік ғимараттары мені өзіне баурады. Алып ғимараттарына мойныңды созып қарасаң шыңын таба алмассаң, осындай биік те ғажайып ғимараттардың әдемілігін,орналасуын, Малайзияның ылғалды,жаңбырлы климатына төзімді болуын жан- жақты қарастырған архитекторлардың қаланы құрастырудағы салған еңбегі қаланың көркінен-ақ көрініп тұр. Ең керемет KL Tower, Royal Selangor, Tamanburung KL bird park, Musuim Kesenian Islam Malaysia, Malam Kesenian Islam, Putrajaya,I city, Jump Street, Thai Fish Village, Batu Caves, Orchid park, Aquaria KLCC, Chocolate factory,Port Dickson сынды орындарда болып түрлі эмоция мен ақпараттар алдық. Сонымен қатар Saloma секілді мейрамханадан малай ұлтының ұлттық дәмдерінен дәм татып, KLCC, Middle way, Alamanda, Central market, Berjaya Times Square, Pavilion сынды ойын-сауық орталықтарында уақыттымызды керемет өткіздік. Кей уақыттарда түскі асты McDonalds, Pizza Hut, KFC сынды танымал орындардан тамақтандық. Менің ойымша, бұл елдің климаты, яғни ауа-райы барлық оқушылар мен жетекшілердің көңілінен шықты. Алайда, ең қорқыныштысы ол улы жәндіктер, құрт-құмырсқалар мен қоңыздар,масалар, олардың негізгі қауіпті кезеңі кешкі 19:00- ден 22:00-ге дейін екен. Park Orchid-та болған күні мені де маса шағып алды. Осыдан бір-екі күн бұрын Ms Zhanar болған оқушыларды маса шағып және олардың жеткілікті су ішпегендіктен ауырып, емханаға түскенін айтты, осыдан кейін мен біраз қорқып қалдым, бірақ байбаламсыз күніне 3-4 литр су іштім. Кейін бірнеше күннен кейін өзі жазылып кетті. Сапар барысында көптеген қызықтар болды, және бір байқағаным мейірбике дәрі-дәрмек сатып алу үшін дәріханаға кіргенде, бұл жақта дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсыз сатылмайтындығын айтады. Бұл, әрине, еліміздегі медицинаға қосар жаңа идея екен. Өз үйіміздей болып, жылы қарсы алған hotel maya және Costa D Amalfi ұйымына өз алғысымды білдіремін, және де осындай мүмкіндік берген тәуелсіз еліме, көп оқушы арасынан сеніп таңдаған мектеп әкімшілігі мен ұжымына алғысым шексіз. Туған өлкемде әсемдігі мен сұлулығына көз тоймайтын,іші дарынды оқушыларға, оларды дарынды еткен ұлағатты ұстаздар мен тәлім-тәрбие берер тәрбиешілерге толы мектебімнің бүгінде білім алушылары үшін беріп жатқан мүмкіндіктері мол десем артық айтпаған болар ем. Бүгінде өзімнің Малайзия еліне шеккен сапарым үшін мектебіме, ұстаздарыма, жалпы мектеп басшысы –С.Р.Умербековаға алғысым шексіз. Сонымен қатар, шетелдерде біздің мектебімізден басқа да облыстардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да осындай мүмкіндікке ие болды, бұл беріліп отырған мүмкіндіктер Астана қаласындағы АОО Назарбаев Зияткерлік мектептерінің орталығына шәкірт жүрегіммен алғысымызды білдіреміз. Ол жақта жүргенде бізді еліміздің болашағы ғана алаңдатты, сондықтан елге үлкен жігермен, жаңа жоспарлармен,жаңа күшпен оралдық. Осы алған біліміміз бен тәжірибемізді келешекте кәдемізге жаратып, тәжірибе алмасып, өз ісімізде толық пайдаланамыз деген сенімдемін.Бұл өткен екі апта менің өмірімдегі ешқашан ұмытылмас кезең болып қала бермек