Алғашқысы Азамат

   Менің туған жерімде театр жоқ. Бар ғой, бірақ ол әзіл театры. Тіпті, театр деуге келіңкіремейді. Сондықтан мен мектептегі күндерім театрсыз өтті. Айтқандай Түркістан шаһарынан Райымбек Сейтметов атындағы театр ұжымы бізге қонаққа келіп тұратын. Сол кезде ғана сынып болып баратынбыз. Өйткені, билетті қинап алдыртатын.

   Ал өздігімнен театрға бару ниеті тек осы Алматыда туды. Оқуға алғаш түскен жылы топтас қыздармен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына бардық. Бұл театрға баруымыз расында, естен кетпестей болды. 9 қыз жиналып, көшеде шұбырып, мектеп оқушыларының лагерьге барғанындай болдық. Тіпті, барар жолда адасып, екі маршрут ауыстырып та үлгердік. Автобуста Мадина есімді құрбым есікке қысылып та қалған. Ол үнемі кадр болады да жүреді. Сонымен әйтеуір жеттік-ау. Ең алғашқы қойылымыма осылай кешігіп бардым. Ортасынан кіргендіктен бе, қойылымның басын түсінбедім. Қиналып отырып әйтеуір бір түсініп алдым бірақ. Айтпақшы, менің алғаш барған қойылымымның аты – «Гамлет». Құрбым Замира екеумізге шыны керек, Гамлет емес басты рөлдегі Азамат Сатыбалдыны көру қызығырақ болды. Бүкіл қойылым барысында соны аңдыдық та отырдық. Ұят-ай. Осылайша, менің алғашқым Азамат болды

Ал сіздің алғаш барған қойылымыңыз есіңізде ме? 



Бөлісу: