Алғашқы сезім!!!
блог
Менің жүрегімде ұл балаға деген алғашқы сезім төртінші сыныпта оқып жүргенімде пайда болды. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде еркек-шора қыз едім: ұлдармен төбелеске дейін баратынмын, кейбірін тіпті жылатып қоятынмын )) Мүмкін мұның бәрі әкемнің мені ұл сияқты тәрбиелегенінен болар, әкем айтатын "біреу тиісіп жатса, күшің жетпесе таспен атып ұр" деп, бірақ қазір сол қылықтарымнан ұялам )) Сөйтіп не керек, сыныпта менен қорықпайтын тек сол Асқар еді. Екеуміз тағы бір партада отырамыз. Ол нашар оқиды, ал мен болса беске оқимын, оның үстіне старостамын. Екеуміз тағы көршіміз. Ол менің сезімім жайлы бірдеңе сезіп қоя ма деп оған ерекше қаталмын, екеуміз ит пен мысықтай едік. Екеуміз үйге келгенше ұрсысып келетінбіз. Бір күні қыста үйге қайтып келе жатып әдетімізше ұрсысып келе жатырмыз (сонда қыз болып сызылуды да білмейм=))) Ол мені итеріп жібермесі бар ма, содан мен мұзға бетіммен құлап, тісім қанап, үйге ботадай боздап жылап барған болатынмын, әкеме "анау көршінің баласы мені ұрды" деп, сөйтіп әкем мойнын үзейін деп барса, Асқар тығылып қалыпты )) Oй жылағаныма қарамастан ұнататын едім ғой сол баланы)) Cөйтіп бір күні менің "ғашығым" отбасымен ауылдан қалаға көшетін болды. Күнде соны ойлап қайғыратынды шығардым, ақыры олар көшетін күн де жетті, есімде қалғаны ол көшкенде әбден жастықты құшақтап жылағаным)) содан кейін бірнеше жылдан соң сол баланы кездестіргенде екеуміз сол шақтарды еске алып әбден күлген болатынбыз)) Ееееһ, қайран балалық ...