Алғашқы сессия

Алғашқы сессия
жеке
блог

Көзді ашып жұмғанша 2 курстың 1 семестрі аяқталуға жақын тұр. Сессияны ойласам ұйқым қашады. Ал ең алғашқы сессиямды ешқашан ұмытпайтын шығармын. Студент деген осы шығар, түні бойы жазылмаған лекцияны жазып, реферат тапсырып жүгірдік. Ешқашан шпоргалка жасамайтынмын, оны қалай жасайтынын да білген жоқпын. Қасымда екі ағам және әпкем жоғарғы курстың студенті болатын, солар маған қалай "гормошка" жасау керектігін үйретті. Ал енді емтихан күні, қобалжығаннан ба, сол шпоргалка тура апайдың алдына қолымнан құлап, бүкіл аудиторияға "гормошкам" шашылып қалды. Қатты ұялдым. Бірақ апай: "қазіргі уақытта да осындай шпоргалка істейді екен-ау"-деп күлді де қойды. Жалпы алғашқы емтиханым "жақсы" өтті. Ал сіздің студент болған кезіңіздегі алғашқы сессияңыз есіңізде ме?