Алғашқы өлеңім жайлы - өлең!

 

Алғашқы өлеңім жайлы - өлең!
Он алтымда- ғашық болдым өзімде, 
Он алтымда- жазылған ед сөзімде.
Он алтымда- алғаш рет тілдестім...
"Он алтынды" ауыстыртып - төзімге.
Он алтымда - өмір алға сүйреді,
(Он алтымда - қырық төрт жыл күйреді)
Он алтымда-  таныссам да қайғымен, 
Оңалумен...он алты жыл күймеді.
Он алтымда- шегін білдім ғұмырдың,
Он алтымда- "өмір" жайлы ұғындым. 
Он алтымда - он алты жыр жазбадым...
Он алтымда - бір-ақ жырмен "тығылдым".
Сол бір-ақ жыр - өзіме тек арналған, 
Арман, мақсат - бөлектенбей жалғанған.
Сол бір-ақ жыр...жоспарымда сол менің!
Абыройды биік еткен - "атақ" деген талғамнан!
Накпаев Аян  26.09.2014 жыл

 



Бөлісу: