Алғашқы махббатты аңсау....

Біз онда тым пәк едік,кінәсіз ек,

Жас едік жандыратын құлашын от.

Арада саған жазған жырлар қалды

Сол біздік махаббаттың куәсі боп.

 

Сол аймақ. Солбір ауыл. Сол көшелер.

Асықсақ алдымыздан кездеседі өр.

Тым албырттау сол шақтың бар тілегі:

«Адасқан бақыт бізге кездесе көр».

 

Сен солай,қызғалдағым,өстің елік.

Қаңғыған қиқу сөзді естімедік.

Кеш бата мен тау жақтан құлайтынмын

Тізгінін Тарланкөктің бос жіберіп.

 

Сезініп ерініңнің түнгі ыстығын,

Жас бала жасамақшы «қылмыс» бүгін.

Көлденеңдеп қақпаңа келетін ем,

Қанжығама шұғынық гүл қыстырып.

 

Бал сүйіс,балғын дене...  бекемдірек,

Көрмесем күн өтпей ақ кетем жүдеп.

Аңғал түнде аяңдап бара жатам,

Ат үстінде ес жимай есеңгіреп.

 

Жазды күз,қысты көктем алмастырып,

Аңсайтын бірін-бірі жан да аштығып.

Кінәлар мен күнәдан пәк ауылда

Махаббатқа малындық алғаш тұнық.

 

Нала мұң жүректердің құрбысы боп,

Аз бақтың аялдап та тұрғысы жоқ.

Сен кеттің сол ауылдан қала жаққа,

Мен кеттім содан кейін жыл құсы боп.

 

Жылдар тағы жылжыды... кездеспедік.

Төздік... енді қайтейік төзбес те едік.

Іздеп барып мен сені қуантпадым,

Мені де қуантпадың сен де еш келіп.

 

Қызықтап қайту үшін өңді реңін,

Мен ертең ауыл жаққа жол жүремін.

Қызғалдақ жапқан ана қырқалардан

Қып-қызыл орамал боп желбірегін.

 

Атқанда атыраптың таңы ышқынп,

Тарланды тізгінімен алыстырып.

Күн найза көтеріле жолға аттансам,

Тастар ма ед тағдыр бізді табыстырып......

 



Бөлісу: