Алғашқы махаббатым
блог
Қыз бала сүйгенін таңдаған кезде, санасының тереңінде жатқан бейнеге ұқсағанын таңдайды-мыс. Немесе қыз әкесіне ұқсаған жігітті сүйеді деген сөзді де талай естігем. Тіпті Фрейд ағай да, таңдауымыз жәй сәйкестік жемісі емес, ал барып тұрған "саналы түрде" қабылданып қойылған шешім.
Ал менің ойымдағы ханзадам кітап кейіпкерлерінің жиынтық бейнесі екенін жуырда ұқтым)))
Бала кезде үйде кітаптар көп еді. Сөре - сөре кітаптардың ішінде маған оқуға болатыны бөлек, болмайтыны бөлек болып сараланып, тізіліп тұратын. Балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиетті оқып болған соң, жоғарғы сөреде "кішкентайларға оқуға болмайды" деген кітаптарды жасырып оқыған кездер бар еді. Олардың ішінде "Овод", "Три Мушкетера", "Граф Монте Кристи", "Анжелика", "Евгения Гранде" туындылары бартын.
Войничтың "Оводын" оқып болған соң, Артурға ғашық болдым. Не деген батырлық, не деген ақыл деп тамсанғаным әлі есімде. Сол кезде Артур есімді адамдардың бәрі осындай шығар деп ойлағам))) Балалық-ай)) Бірақ, нағыз ер ақылды болу керек екенін осы кітап түсіндірген секілді.
Ер адам салмақты болу керектігін "Три мушкетерадағы" Атосқа ғашық болған соң түйдім. Қабағынан қар жауып тұрғанын қаламаймын, бірақ ойлы, көп сөзі жоқ болса, міне нағыз ер! Ол романның маған әсер еткені соншалық, кітабын да, киносын да көп рет қайталап оқып, көріп тастағам))
"Граф Монте Кристодағы" Едмонға ғашықтығым 14-15 жасымда болды. Жігіттің адал және алға қойған мақсатына қалай болса да жету керек екендігін Дантестің мінезінен ұқтым))))
Солай, солай Фрейд ағаның айтқаны дәл келген секілді)))