Алғашқы махаббат...
блог
Соңғы кездері алғашқы махаббатым - Алтынбекова Жұлдыз Танжарбекқызын (15.12.1992) көп ойлап жүрмін. Бәрі есімде деп өтірік айтудан аулақ болайын, дегенмен кейбір нәрселер есте қалды, расында. О баста, смс жазысу арқылы танысып, бір-бірімізді ұнатып қалдық. Ол қырсық болатын. Менің қайран цветной Нокиам! Ммс қабылдамайтын. Жұлдыздың түрін көрмесем де, әйтеуір, сөйлесіп жүріп, бауыр басып қалғаным ғой. Қырылысып та қалатынбыз арасында. Өзінің суретін менің ағама жіберген ммс арқылы. Ағам Алматыда оқуда тұғын. Ол келем дегенше... Көршімнің телефонына жіберткіздім. Мәссаған! Оның суретін көргенімде, жүрегіме жүрек қосылды ғой. Ол 2009 жылдары адамдар қарапайым едік қой, бүгінгідей емес. Бүгін адамның жан сарайына емес, тән салонына көп қарайтын боп кеттік қой. Сөйтіп, Жұлдызбен тек смс арқылы сөйлесетінбіз. Звондап, әлөу дегенге жоқпын ғой. Жаман ұялшақтұғынмын. Алматыға келіп бұзылдым ғой. Бір күні Жұлдыз өзі звондады. Ол кезде телефон Сұңқарда болған. Ол маған прикол ұстап, (білмеймін қай жерінен ұстайтынын) әйтеуір ыржалақтап жүрді. Бір рет сөйлескеннен соң ертеңіне тарифымды қатырып алдым да, күнде өзім звондайтынды әдетке шығардым. Жұлдыздың уақыты болмаса да, ырбаңдап мяулап әйтеуір көндіретінмін. Телефонмен сөйлесетінбіз солай. Бірақ жаным деп айта алмайтынмын. Қазір "ей" деген қаратпа сөздің орнына жаным дей береді ғой жұрт. Жаным деп айтуым үшін, үйренісіп кетуім үшін бір-екі аптадай уақыт кетті. Оған да үйрендік. Жұлдыз ұялшақ тұғын. Кейін жазда таңға дейін сөйлесуді шығардық. Ұйықтатпайтынмын. Қысқасы, бәрі жақсы басталып, жақсы жалғасып келе жатқан еді. Бірақ Жұлдыз маған, бәлкім, сенбеді. Кездесуге келіспеді. Ақыры, анасына смс жазып, бәрін құрттым. Дегенмен, Жұлдыз маған әлі күнге дейін ыстық. Қазір білмедім, бәлкім, күйеуге тиген де шығар, бәлкім жігітпен жүріп жүрген болар. Алла біледі. Алла жеткізсе, махаббатымды енді болашақта пьесаларым арқылы көрсетпекпін. Жәрар! Осы жерден жарайын жазбамды...