Алғашқы қар.

Алғашқы қар.
жеке
блог

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару секілді үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Бірі шананы арқалап, биік жоталарға, таулы қырттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездер өз алдына бөлек бір әңгіме. Қолдарына шан сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

 Алатаудың биік жоталарындағы қыс көрінісі көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. 

Қыс мезгілін асыға күтуіміздің тағы бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлық ақ тілектерін білдіріп сыйлықтарын береді.  Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге де берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады