Мен биыл 10-сыныпты аяқтап,қызығы мен қиындығы мол 11-сыныпқа аяқ баспақпын.Қызығы мен қиындығы мол дегенім балалық шақтың есігін жауып, үлкен өмірге қадам басар баспалдақтамын.Сол өмірдің бағыты сенің ҰБТ-тен көрсеткен нәтижеңмен байланысты болмақ.Деемек,ҰБТ-140!Грант!(қазіргі мотивация осы)Ол үшін әрине оқу керек.Осы жолда мен сан ғасырға саяхаттатқан,жылдарымен шатастырған Дүниежүзі тарихы пәні қиындық туғызып тұр.Ал сол қиындықпен алғашқы кезекте күреспекпін.
1.Дүниежүзі тарихы 8-сыныпты аяқтау,тест тапсырмаларын орындау.
Журналист болу арманым деген едім.Ал журналисттің басты қару қаламы!
2. 10 мақала газетке дайындау.
Өзім қызыққан кітапқа қолым жетпесе оны оқығанша тағат таппаймын.
3. С.Мұқанов «Ботагөз» романын оқу.