Алғашқы қадам...

Сәлем, Массегеттіктер! Бұл менің алғашқы рет блог жазуым! Әрине, менің блог жазуды енді ғана бастағаным өкінішті. Дегенмен, ештен кеш жақсы дегендей, кеште болса да қолға алып жатқан жағдайым бар. Әлі алда жақсы-жақсы блогтарыммен бөлісемін деген ойдамын! Мені бұл сайтқа қызығушылығымды тудырған Аяжан есімді қыз. Иә, ол қыз менің аттасым, әрі туыс сіңлім! Оған алғысымды білдіремін.

Ал енді өзім жайлы айтып кететін болсам, менің аты-жөнім Бакытжанова Аяжан. Мен Батыс Қазақстан облысынанмын. Мұхиттың мұрасымен сусындап, Ғарифолланың күйін құлағымызға сіңіріп, Ескендір өскен киелі Қаратөбе топырағынан нәр алып өскен қарапайым қызбын. Дәлірек айтқанда Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында көктемнің алғашқы күні өмірге келгенмін. Дәл қазір Алматы қаласында "Алматы Технологиялық Университетінде" 3 курс студентімін. "Экономика және бизнес" факультетіндегі "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандығы бойынша тәлім алып жатырмын. Әзірге осы...



Бөлісу: