Алғашқы қадам

Алғашқы қадам
жеке
блог

Сәлем МАССАГЕТТІКТЕР!Алғашқы қадам осылай басталғалы тұр.Толқып тұрғаным.Пернетақтаның пернелерін таба алмай сасқалақтайтын кезіде болады екен-ау XXI ғасыр адамыныңEmbarassed.Жалпы алғанда МАССАГЕТПЕН танысқаныма бір жылдың жүзі боп қапты.Тіркелгенім кеше ғана.Қалай таныстыңдар дейсіндер ғой.МАССАГЕТПЕН мәнжазба іздеп жүріп кездейсоқ танысқам.Ол менің олжаға кенелген күнім десе де болады.Сол күннен бастап МАССАГЕТ менің өмірімнің бір бөлшегі тәрізді боп кетті.Күнделікті ақпаратты қазақ тілінде осында қараймын.Тақырыптарының ауқымдылығымен ерекшеленді.Сол үшін кіремін.ҚАЗАҚ тілінде шығатын мұндай сайттар әлі жоқ.Ашылуыңа тілектеспін.Сан бар жерде сапа бар дегендей.Ал сүйікті МАССАГЕТКЕ тек алға дамуды тілеймін.МАССАГЕТПЕН танысқан бір жыл ішінде біраз нәрсе үйреніппін.Әсіресе фотошоп сабақтарының көмегі мен үшін зор болды.Айта берсем айтар ойлар көп.Бірақ уақыт шіркін үнемі тығыз болып тұратыны жаман.Енді өзім жайлы қысқа нұсқа айта кетсем,менің есімім Берік болады,тегімді сұрасан Қошан,әкемді сұрасан Абай болады.Ақтөбелікпін.Бірақ киелі Маңғыстау өңірінде дүниеге келдім кейін осы жаққа әке-шешемнің қызмет бабымен көшіп келгем.Қазір студентпін.Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып отырған жайымыз бар.Әзірге осы,келесі көріскенше аман болындар құрметті МАССАГЕТТІКТЕР!