Алғашқы жазбам: Ағайынға сыр

Алғашқы жазбам: Ағайынға сыр
жеке
блог

Армысыздар! Осында тіркеліп, тұрақты жазып тұруды қолға алмас бұрын көөөөөөөөп ойландым. Әдетте әлеуметтік желілерде анда-санда жазып, қалған уақытта пікір қалдырып, лайк басып қана жүретін мен тұрақты бір ой айтып, достар санын арттыруды да артық болмас деп шештім. Сондықтан алғашқы жазбамды Массагеттік ағайынға (ханым, мырза деп ресмилемей, аға-әпке деп сыпайылатпай, достар деп еркін қарым-қатынас құруды алға тарттым), достарға сыр ашудан бастадым. 

Мен Қуат Ақбота Мұсабекқызы, А. Ясауи атындағы ХҚТУ түлегімін. Мамандығым – журналист. Арқа сүйейтін екі әпкем, еркелей күлімдейтін бір сіңлім және қамқоршым анаммен бірге тұрам. Әкем марқұм төрт қыздың асқар тауы болып еді, қазіргі таңда бізден жырақта болса да, жұмақта өмір сүруде деп үміттеніп, әрдайым дұға етіп жүремін. 

Сіздермен танысқаныма қуаныштымын! 

Достығымды қабыл алыңыздар!

Сурет: ru.best-wallpaper.net