Алғашқы жазбам...

Алғашқы жазбам...
жеке
блог

 Бір досымнан естідім. "Массагет" жайлы. "Тек қазақ тілінде жасалған сайт", - деген соң тіркелейін деп кірсем, әріптесім алдымды орап кетіпті. Өз атынан тіркеліп қана қоймай, мені де тіркеп қойыпты. Тіпті, 2-3 жерде менің атымнан пікір де білдіріп үлгеріпті. "Қызық екен" деп ойладым. Бүгіннен бастап өзім ғана білетіндей, құпия сөзімді ауыстырып қойдым. Түу, не жазып, не қойғанымды өзім де түсінбей кеттім ғой.

Негізі айтайын дегенім бұл емес еді.

Өзімді таныстырар болсам, есімім - Меруерт. Алматылықпын. Өмірім - бәріне үлгеру үшін жанталасумен келеді. 

 Қысқасы, алдағы уақытта жиі кіріп тұруға тырысамын, уақыт тапшылығына қарамастан.

 Мені де достар қатарына қосыңыздар!!!