Алғашқы әңгіме...

Жаңа сайт құтты болсын, қауым! Жасай беріңдер! Надеюсь я у вас первый, бұқақақа? Сайт былай жақсы. Қажырлы еңбек деп айтар едім. Командаға мың алғыс. Көре алмағандарға қарғыс, scheschesse!

Ал енді, болар іске көшсек!

Массагет сайтының техникалық жетіспеушіліктері:

Оң жақтағы мәзірлер бөлімінің сілтемелері дұрыс емес; Сайттан іздеу жүйесі жұмыс жасамайды; Сайттың оң жағындағы виджеттер, мәтіндік редактор, сайт ескертулері, мәзірдегі жекеленген аттар орысша немесе ағылшынша күйі қалған; Қолданушы өз күйін (аты, жөні) өзгерткенде, ол бастапқы күйінде қалып қояды. Тек, қайта кіргенде ғана өзгереді; Арнаулы бөлімдерде сайтқа кіру белгісі жұмыс істемейді; Форумда жауап жазылмай тұр. Меніңше, сервер дұрыс жабдықталмаған.

 

Ұнады:

Отбасылық жағдайы дегендегі "Барлық қыздар ақымақ" деген статус.

 

Ұнамады:

Толған жарнамалар; Лента немесе жеке қабырға (стена) болмағаны; Бағалаудың жоқтығы; Пікір жазу функциясының жоқтығы (Жек көретінімізді қалай жеткіземіз енді?); Авторлар каталогының жоқтығы; Бастаңғы деген сөз! Бастаңғы деген салт емес пе? Айдарға қандай қатысы бар? Ұға алмадым!; © 2011 Copyright мынаны толық жазу керек:).

 

Ұсынамын:

Тілдер санын көбейту; Діни көзқарасқа иудаизм және атеизмді қосу; Жоғарыда келтірілген Ұнамадыдағы нәрселер болса.

 

Менің болжамым:

Форумды блог немесе блогты форум ығыстырады; Мейіргүл тағы бірдеңе бүлдіреді:)

Вәжні болмай-ақ қояйыншы осы:) Әзірге менде осы! Сайт бета күйінде тұрғаннан соң артық ештеңе қоспайын! Баршаңызды Тәуелсіздік және Массагеттің туылған күнімен құттықтаймын! Қаламдарың сырғи берсін:) Еңбектерің жансын Эксондықтар және Массагеттер!

p.s. Массагет әлденіп алғанша ОнҚыздың пәтерін паналай тұратын сияқтымыз:)



Бөлісу: