Алғашқы әңгіме...
жеке
блог
блог
Жаңа сайт құтты болсын, қауым! Жасай беріңдер! Надеюсь я у вас первый, бұқақақа? Сайт былай жақсы. Қажырлы еңбек деп айтар едім. Командаға мың алғыс. Көре алмағандарға қарғыс, scheschesse!
Ал енді, болар іске көшсек!
Массагет сайтының техникалық жетіспеушіліктері:
- Оң жақтағы мәзірлер бөлімінің сілтемелері дұрыс емес;
- Сайттан іздеу жүйесі жұмыс жасамайды;
- Сайттың оң жағындағы виджеттер, мәтіндік редактор, сайт ескертулері, мәзірдегі жекеленген аттар орысша немесе ағылшынша күйі қалған;
- Қолданушы өз күйін (аты, жөні) өзгерткенде, ол бастапқы күйінде қалып қояды. Тек, қайта кіргенде ғана өзгереді;
- Арнаулы бөлімдерде сайтқа кіру белгісі жұмыс істемейді;
- Форумда жауап жазылмай тұр. Меніңше, сервер дұрыс жабдықталмаған.
Ұнады:
- Отбасылық жағдайы дегендегі "Барлық қыздар ақымақ" деген статус.
Ұнамады:
- Толған жарнамалар;
- Лента немесе жеке қабырға (стена) болмағаны;
- Бағалаудың жоқтығы;
- Пікір жазу функциясының жоқтығы (Жек көретінімізді қалай жеткіземіз енді?);
- Авторлар каталогының жоқтығы;
- Бастаңғы деген сөз! Бастаңғы деген салт емес пе? Айдарға қандай қатысы бар? Ұға алмадым!;
- © 2011 Copyright мынаны толық жазу керек:).
Ұсынамын:
- Тілдер санын көбейту;
- Діни көзқарасқа иудаизм және атеизмді қосу;
- Жоғарыда келтірілген Ұнамадыдағы нәрселер болса.
Менің болжамым:
- Форумды блог немесе блогты форум ығыстырады;
- Мейіргүл тағы бірдеңе бүлдіреді:)
Вәжні болмай-ақ қояйыншы осы:) Әзірге менде осы! Сайт бета күйінде тұрғаннан соң артық ештеңе қоспайын! Баршаңызды Тәуелсіздік және Массагеттің туылған күнімен құттықтаймын! Қаламдарың сырғи берсін:) Еңбектерің жансын Эксондықтар және Массагеттер!
p.s. Массагет әлденіп алғанша ОнҚыздың пәтерін паналай тұратын сияқтымыз:)