Менде қуанышты бір хабар!!! Менің аяулы да, ардақты досым, жан құрбым, топтасым, бөлмелесім Асемгүлім өмірлік жан жарын тауып, неке құрды. Тамыздың 16 күні анасы Ақсу өңірінде үлкен той жасап, қызын құтты үйіне ұзатып шығарып салды. Ол тойға өкінішке орай мен бара алмадым. Оның себебін сіздер өткен жазбамнан оқып білерсіздер. Ал тамыздың 21 күні Алматыда құрбымның тойы болды. Әрине тойға бардым))).
Бұрындары қыдырған кештерде ойнап "кете бер, шыға бер тұрмысқа" деуші едік, ал "Гүлеке менің саған жаңалығым бар. Мен тұрмысқа шығатын болдым" дегенді естігенде, жылап жібердім. Екі сезім болды менде сонда. Бірі қуаныш, бірі қимастық. Қуанышым құрбымның құтты орынға қонып, өмірдегі өз жолын тапқанына, ал қимастығым жанымда ылғи жүретіндігі. Жоқ, жүріп қана қоймай, жүрегімді түсінетіндігі. Өзгелер байқамайтын мұңымды ұғып қоюшы еді, бірден. Ол мені ылғи "Гүлеке", "Гу" дейді. Үнемі бір жағдай болса, Асема деп хабарлассам болды, бәрін шешіп, ақылын менен аямайтын. Мен оның біліміне, күшіне, қайсарлығына үнемі қызығатынмын, қызығып та, мақтанып та өтемін. Менің бір білерім ол мені жүрегінің бір түбінде жақсы көреді. Онымен бірге өткен естеліктер өте көп. Ең алғаш туған жерге алып келген құрбым да осы Асемгүл.
Үйдегі ағаларым, анам бәрі де бірден жақсы көріп қалды. Әсіресе сіңлім жанынан бір елі айырылмады. Ол дегеніміз, Асемнің ақ көңілі мен кең жүрегі. Мен оны жанымдай жақсы көремін.
Айта кететіні бұл қыз журфактың (біздің қатарластар арасында) алғашқы ұшқан қарлығашы.
Руслан мен Асемгүлге тек бақыт тілеймін. Олар бақытты болуға лайықты жандар!!!