Алғаш оқыған кітабым

Менің алғаш оқыған кітабым Бердібек Соқпақбаевтың " Менің атым- Қожа" туындысы. Қателеспесем бұл кітапты 6 сыныпта оқыдым. Кітаптың қызығына берілгенім сонша бар жоғы екі күнде кітапты оқып бітірдім.

Жалпы сотқар Қожаның киносын бала кезімнен көгілдір экраннан көріп өссем де, кітаптан алған әсерім өте ерекше болды. Бердібек Соқпақбаевтың бұл туындысы өте қызықты әрі әсерлі болғандықтан кітап оқуға деген құлшынысым әрмен қарай артты, және осы туындыдан кейін де Бердібек Соқпақбаев менің сүйікті жазушыма айналды. Егер кітапханаға бара қалсам міндетті түрде осы жазушының кітаптарын іздеймін.

Бұдан кейін де Беркен атамыздың " Балалық шаққа саяхат" және "Өлгендер қайтып келмейді" атты туындыларын кейіпкеріммен бірге жылап, бірге күліп, бірге қуанып, бірге мұңайып оқып шықтым.

Міне менің кітап әлеміне келуім осылай басталған. Жас дос! Егер сіз кітап оқымаған болсаңыз уақытыңызды өткізбей дәл қазірден кітап оқуға кірісіңіз, және кітап оқыған кездегі сезіміңізді бөлісуді де ұмытпаңыз.)))



Бөлісу: