Алға ұмтылу-адамға тән қасиет...
блог
Адамға тән қасиет-болашақты болжау,армандау.Болашақты армандай білу де ұлы даналық.Себебі арман өмірге қызықтырады,оны сұлуландырады,өмірді алға ғарыштады,өрге тартады.Олай болса, алға ұмтылу-өмірдің мақсаты деп қарастырайық.Мен осы өмірдің мақсаты-алға ұмтылу екенін енді ғана түсінгендеймін.Себебі мен жуырда ғана көпшіліктің назарын бір көргеннен-ақ аударатын «Игры разума»фильмін көрген болатынмын.Жалпы, «Игры разума»фильмінің басты мақсаты белгілі бір адам баласы өзінің алдына мақсат қоя білуі және сол мақсатының жолында талмай еңбектенуі керек екендігін айтады.Осы фильмдегі басты кейпкерде өзінің алдына үлкен мақсат қоя білді және сол мақсатының жолында қандай қиыншылықтар кездессе де төзе біліп еңбегінің жемісін көрді.Тағы бір айта кететін жайт,белгілі бір мақсат қоя білгенде кез-келген адам баласы өзінің сол жолдағы ең алымен қолдау көрсететін адам болғанын қалайды.Осы фильмдегі басты кейіпкеріміздің де ең үлкен жетістікке жетуінің бірден-бір себепшісі,ең жақын қолдаушысы болғаны.Осы жағдайға байланысты «Игры разума»фильмінде мынадай бір диалог бар:
- Филиция, біздің қарым-қатынасымыз қаншалықты ұзаққа барады? Маған қандайда бір дәлел, не анық деректер керек…
- … Кешір, бірақ саған мынаны айтайын. Әрине, әрбір қыз романтикалық қарым-қатынасты қалайды. Бірақ дәлел немесе анық деректер керек дейсің бе… Жарайды… Мынаны айтшы, мына ғалам қаншалықты үлкен?
- Ол шексіз.
- Оны қайдан білесің?
- Барлық деректер солай дейді.
- Бірақ бұл әлі дәлелденбеген ғой?
- Иә.
- Және өзің де көрген емессің?
- Иә.
- Онда неге оған сенімдісің?
- Мен анық сенімді емеспін, жәй сенемін…
- Махаббатта да сондай.
Бұл диалогты былай жалғастырар едім, әркім үлкен бақытқа кенелгісі келеді. Бірақ ешкім де дәл сол адам, оның не бағы, не соры екенін білмейді. Оларды алда не күтіп тұр, бірге қартаю немесе жарты жыл ғана бірлесіп өмір сүру ме… Бірақ,сол бақытқа кенелу үшін әрбір адам баласы сол жолда еңбектенуі керек.Соның бір дәлелі осы фильмдегі басты кейіпкеріміздің сенімділігі мен махаббаты үлкен белестерді бағындыруға себепші болды...