Заман өзгере келе бәрі де жаңа сипатқа ие болады. Бүгінгі күні әлеметтік желінің өмірімізге
еніп кеткендігі соншалық, тіпті жастармен қоса үлкен кісілердің өздерінде әлеуметтік желіде
профильдері бар. Мысалы, Instagram, VK (ВКонтакте), Одноклассники, Facebook және
Twittter желілерінде өз парақшалары болады. Zakon.kz айтуы бойынша біздің елде
ВКонтакте желісінде 2 миллион, Инстаграмда 1,5 миллион, Facebook желісінде 2,5
миллион қолданушы тіркелген.
Кез келген адамдың профилі ол туралы жалпы ақпарат беріп қана қоймай, оның қандай адам
екендігі туралы ой мен көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Мысалы, профильді қарау
арқылы адамның кім екендігін, қайда оқитынын немесе жұмыс істейтінін білуге болады.
Оның суреттерін, қандай топтарға яғни парақшаларға жазылғанын көру арқылы немен
шұғылданғанды жақсы көретіндігін аңғаруга болады. Осындай ұсақ мәліметтерге талдау
жасау арқылы белгілі бір адамға қатысты ой пайда болады. Сонымен қатар, «досына қарап
адамды таны» дегендей, бір адамның айналасындағы достарын көру арқылы да сол адамның
қоршаған ортасы жайлы тұжырым жасауға болады.
Соңғы кезде байқағаным бойынша, біз әрқашан жаңа бір адаммен танысқанда оны барлық
желілерден іздей бастаймыз. Оның парақшасын көруге қызығып тұрамыз. Мысалы, мен бір
адаммен танысқанда алдымен оның парақшасын тауып алып, соның тұрғысында анализ
жасаймын. Бұл анализ менің сол адаммен әрі қарай арақатынасымыздың қандай болатынына
үлкен әсер етеді. Ол адаммен қарым-қатынасымыздың жойылуы үшін оның «жаман»
парақшаларға жазылғанын немесе әдепсіз әрі дөрекі сөздермен жазған посттарын көргенімнің
өзі жеткілікті. Сондай ақ, пост демекші, әр адамның парақшасында өзінің жазған жазбалары
оның айнасы болып табылады. Бұл жазбалар оның ойын, сауаттылығын көрсетіп қоймай,
оның тәрбиесінің, сыпайылығының және де адамгершілігінің қандай екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, көп жағдайларда желідегі адамның шынайы өмірдегі нұсқасының сәйкес
келмейтіндігін көріп жатамыз. Мысалы, кейбір балалардың суреттерін қарасақ сүйкімді
болып көрінеді. Ал шынайы өмірде араласып қарасаң, оның сүйкімділігі тек экран арқылы
қарасаң ғана көрінетінін түсінесің.
образ құрып алған адамдардың профильдері жетерлік. Мысалы, тек бір саламен айналысып,
соның тұрғысында өзіне белгілі бір образ құрған адамдардың профильдерін олардың
бетпердесі деп айтуға болады.
Менің де ғаламторда орным бар. Өз парақшамды талдайтын болсам, менің әлеуметтік
желідегі профилім менің айнам. Себебі, мен өзімнің болмысымды еш жасандылықсыз
шынайы көрсетемін. Орысша айтқанда «как есть, так есть» деп қоямын. Алайда, менің әрбір
суретім белгілі бір нормаларға сәйкес болуы шарт. Мен әрбір салған сурет және
бейнематериалдарымды, әрбір жазған сөзімді фильтрден өткізіп барып желіге саламын.
Осыдан байқағанымыздай, әлеуметтік желілер адамдар өздері туралы әрбір ақпаратты
ойланып салуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, менің байқауымша, желіде барлығы дерлік бақытты, еш уайым-қайғысы жоқ адамдар болып көрінеді. Әрине солай, себебі барлығы өзінің жақсы сәттерін ғана жариялайды. Бұл бетперде болмаса, не болуы мүмкін?