Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны
жеке
блог

  Әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алды деудің өзі қиын болып тұр.Еңкейген баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілердің құлы болды. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Мысалы, әлеуметтік желілердің түрлерін және пайдасын мен зиянын айта кетейік. Әлеуметтік желілердің түрері: В контакте, Facebook, Twitter,Однаклассники,M-agent, Whatsapp,Instagramm,Viber,Другвокруг,Cacao Talk,Line,Imo,Skype, міне, осындай әлеуметтік желілер бар.Өзімнің әлеуметтік желілер туралы ой-пікірімді сіздермен бөлісуді жөн санап отырмын. Енді пайдасын мен зияның айта кетейін.

   В контактенің қолданушылардың жасы 16-30 жастар аралығында.Пайдасы достарынмен араласып, хат алмасып отырасың. Туыстарыңның,достарыңның фотоларың көресің. Жаңалықтан құр қалмайсың.Неше түрлі видеолар және кинолар көресің, кинотеатрға бармай-ақ. Бұрынғы аталырымыз бен апаларымыз тыңдап келе жатқан әндерді және қазіргі заманғы әндерді таба аламыз. Группа деген бар,ол жерде неше түрлі нәрсе білуге болады.Мысалы, жұлдыздар туралы күнделікті жаңалықты оқисын.Ғылым мен техника саласында не болып жатқаның біліп тұрасың.Тіпті, адамдарға әдемі айтылған нақылдарды тамсана қарап оқисың.  Зияны ол адам сол әлеуметтік жүйеге тәуелді болып кетеді.

   Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы әлеуметтік желі. Қолданушылар жасы 20-40 жастар аралығы.Дүние жүзінен достар табуға болады. Топтар ашып, көптеген жұмыс бітіруге болады. Сайлаудың алдында қандай ресми партиялар бар екенін, қандай көсемдер мен шешендер бар екенін білуге болады. Біреудің бір суреті, видеосы немесе жазбасы ұнаса, оны басқалармен бөлісуге болады.Жастарға онша қызық емес. Бұл жерде кілең бастықтар отырады. Бұл әлеуметтік жүйеде босқа отырмайды.

   Twitter-таза кәсіби, қысқа-нұсқа, қажет жазбаларды ғана оқуға арналған әңгіме айтып отыруға өте ыңғайсыз әлеуметтік желі. Қолданушылардың жас шамасы  25-35 аралығындағы журналисттер, блоггерлер немесе шенеуніктер.Негізі жаңалық алмасуға, күнделікті оқиғаларды дер кезінде жариялауға өте ыңғайлы. Сондықтан журналисттер, блоггерлер немесе шенеуніктер барған жерінде көргендерін ағызбай-тамызбай жазып отырады. Өзіңе кімнің жазбасы қызық болса соның оқушысы боласың, сол сияқты сенің де өз оқырмандарың болады.

   M-agent- қазіргі кезде жастар ол әлеуметтік желіні қолданбайды. Тек қана почта арқылы жұмыстарын мұғалімдерге жіберіп отырады. Және үлкен мекемеде жұмыс істейтін адамдар іс-қағаздарды почта арқылы жіберіп,байланыс жасайды.

  Однаклассники- тура в контакте сияқты. Бірақ ол жерде жастар көп отырмайды.Көбінесе, үлкен кісілер отырады. 

   Whatsapp- қазіргі таңда жастардың көп қолданатын желілердің бірі. Тек қана жастар ғана емес, үлкен кісілерде қолданады. Оның пайдасы аудиомен сойлеп жіберуге болады. Өлең, видео, фото бір-бірімен алмасуға болады.

   Instagramm- жастардың әлеуметтік желісі. Оның ерекшелігі күнделікті не істеп жүргеніңді фото арқылы достарына көрсетесің. Бірақта, осы желі маған ұнамайды. Себебі, алтын уақытынды керек емес нәрсеге бөлесің.

 Viber-кең қолданылып келе жатқан әлеуметтік желі.

 Другвокруг-хат алмасуға арналған желі.Былайша айтқанда керек емес әлеуметтік желі.

 Cacao Talk,Line-ол қазір көп қолданылмайды. Енді ғана келе жатқан желі. Ол дәл Whatssap  сияқты.

  Imo,Skype- екеуі бірдей міндетті атқарады. Бірақ, Skype бұрыннан келе жатыр. Және шетелдегі халықпен байланыс жасай аласың. Хат алмасуға да болады. Ал, Imo енді еңген жүйе.Ол дәл Skype сияқты.

  Бұл заман талабы. Кейбіреулер өзінің қамын ойлап әлеуметтік желілерді көптеп шығарып тастайды. Олардың бізге еш  пайдасы жоқ. Анағұрлым пайдасы тиетін әлеуметтік желілер де бар. Олар бірақ саусақ пен санаулы. Бізге қазіргі керегі оқу, білім алу. Сондықтан жастар үшін керекті, тиімді әлеуметтік желілердің көбейгені жақсы. Ендеше жақсылап ойлап көрейік. Бұндай әлеуметтік желілер қайсы? Өзімізге ыңғайлысы ше? Бұл тақырыптарда өзіміз үшін талдау жасауымыз абзал. Әлеуметтік желілердің бізге көптеп септігін тигізер жері бар.

  Мен осы мақалада әлеуметтік желілерді ашып жаздым деп ойлаймын. Енді, қорыта келгенде, әлеуметтік желілерге тәуелді болмайық. Ойлана келе, мен ата-апаларымыздың кезеңіне еңгім келеді . Сол дәуірде өз сүйіктіннен хатты күтудің өзі бір ғанибет еді. Ал қазір болса, өз махаббатынды әлеуметтік желі арқылы табасың. Кім біледі, бізден кейінгі ұрпақ қандай болатыны? Тіпті,ойлаудың өзі қорқынышты.  Өлшеммен берген уақытымызды босқа өткізбейік деген тілек бар.