Әлеуметтік желідегі онлайн конкурстар

Әлеуметтік желідегі онлайн конкурстар
жеке
блог

Сұлулықпен, ақыл- біліммен, күшпен болсын, барлығымыз додаға түсеміз. Үлкен сахнада дүйім жұрттың алдында бақ сынап, өнерімізді көрсетеміз. Уақыт өте мұндай дәстүрлі сайыстардың орнын онлайн конкурстар алмастырды. Соңғы кезде мына бүлдіршінге лайк басып, комментарий жазып жібересіз бе?- деген өтініштер жиілеп кетті. Осы сынды әлеуметтік желідегі онлайн байқаулардың  адамға тигізетін әсері қандай? Олар әділ өтуде ме? Кіл мықтыны осылайша анықтаған қаншалықты дұрыс? Анализ жүргіздік, пікір алмастық, мәселенің мән- жайын анықтадық. Біліп көрелік...

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, облыстық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқау өтті. Бұл сайыста 14-29 жас аралығындағы талантты мен талапты жастар бақ сынады. Ал ең көп лүпіл, пікір және қаралым жинаған қатысушы жеңімпаз атанды. Сулейменов Нурлан- аталмыш байқаудың жеңімпазы. Оның айтуынша, бұл жоба алдағының кейінгіге өнегесін дәріптейді. Оған қоса, өнер сүйер қауымның көркемдік шеберліктіктерін шыңдауға да септігін тигізеді. Біріншіден, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуіне қатысып, өз үлесімді қостым деп есептеймін. Өйткені, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жастар арасында насихаттауға мүмкіндік алдым. Жастардың өлең оқуға деген ынтасы мен талабын ашып, сонымен қатар ,көркемдік шеберліктерін шыңдаудауға мүмкіндігі бар екендігін дәлелдедім,- дейді Нурлан.

Пандемияға байланысты мұндай конкурстардың дені онлайн өтуде. Сондықтан кейде нағыз талантты анықтау қиынға соғады. Десе де,қатысушылар үшін ең үлкен жеңіс ол- халықтың көңілі мен ілтипаты. Бір өкініштісі , осы ілтипаттың көрсеткіші- лүпіл ғана. Ал додаға түскен қырандар:- Қалай болса да, пікір қалдырушыларының шын ниетіне сенеміз,-дейді .Қазіргі таңда карантиндік шараларға байланысты барлық байқаулар онлайн түрде өткізілуде. Әрине, талантымыз лайкпен бағаланғаны мені үшін іштей қынжылтады.Бірақ, қазіргі уақытта оғанда көнуге тырысып жатырмыз. Халық айтса, қалып айтпайды демекші, халықтың көңілінен шығып жатсақ, ол үлкен жеңіс деп ойлаймын,- дейді кейіпкеріміз

Әлеуметтік желілерде өтетін сайыстардың әділ, иә әділ еместігін білмек болып, халық арасында сауалнама жүргіздік. Бірі инстаграм таланттың көрсеткіші емес, және мұндай конкурстар әділ өтпейді десе...Енді бірі неге лүпілмен бағаламасқа, мен көрген сайыстар әділ өтуде,- дейді. Мысалы, - Жоқ, ол менің ойымша дұрыс емес.Өйткені, ол адам мысалы өте көп уақыт кетіре алады сол жасаған еңбегіне.Инстаграм - таланттың көрсеткіші емес.Дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі, бір кнопка үшін бағалау дұрыс емес қой.Әділ деп айта аламын кейбір конкурстарды. Себебі, енді ол қанша дегенмен, лайк болсын, ол адамға подписка жасаса да, барлығы енді адамның еңбегі ғой, оқырмандардың еңбегі. Оны бағалау керек деп есептеймін. Жалпы, мен көрген конкурстардың барлығы әділ өтуде деген пікірлер де болды

Лүпіл жинау - психологиялық тұрғыдан зиян. Мұндай іске көбіне виртуалдық өмірдің толқынына ілескен мектеп жасындағы балалар мен студенттер әуес. Ал лүпіл арқылы жүргізілетін сайыстар мұны ушықтыра түседі. Өйткені олар адамның өмірдегі шын эмоциясы мен мимикасын көрмейді. Тек көгілдір экранның артынан тамсанып, иә көңілдерінің тоймағанын айтып қана қояды. Айта кетерлігі, дизлайк пен жаман пікірлер адамды депрессияға ұшыратады екен. Қай жағынан алсақ та, дәрігерлер де, мұғалімдер де, күміс көмей әншілер де, бәрі қазір лайкпен ғана жеңімпаз атанып жатыр. Біз тек осылайша оларға лайк басып, дауыс береміз. Бірақ, адамның шын өмірдегі сезімін, бет-жүзін көрмейміз. Егер де лайк қойылмай қалса, тіпті 1-2 дизлайк болса, адамдар депрессияға түсіп жатады. Бұл енді жастар жағынан өте көп. Өйткені үлкен адамдар техниканы игеруге енді үйреніп жатыр десек болады. Ал жастар, кішкентай балалардың өзі де осыған тез құмартады. Әсіресе, мектеп жасындағы оқушылар, студенттер барынша беріліп кеткен,- дейді психолог маманы.

Заман ағымына байланысты талант та, талап та, бәрі-бәрі өзгеріп жатады. Осындай онлайн конкурстардан жеңіліп қалдым екен деп сары уайымға салынып, иә мұңаюдың қажеті жоқ. Әр істің қайыры бар, демек сіз бұдан да үлкен жетістіктерге лайықтысыз. Ең бастысы, дамылсыз еңбектеніп, алға қарай жылжу керек!

«Тұран университеті»
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ «ЖУРНАЛИСТИКА ЖƏНЕ АУДАРМА ІСІ» КАФЕДРАСЫ
Журналистика мамандығының 4-курс студенті
Талғатова Айсырға