Әлеуметтік желі — баланың тәрбиесі

Әлеуметтік желі — баланың тәрбиесі
жеке
блог

Біздің санамызда қалыптасқан «тәрбиесі төмен балалардың» ата-аналары өте өзекті мәселелердің мән-жайын талқылап, өзгеше ойларын бөлісіп,  жазып жүр екен. Мені қызықтырған мақала «Should Children Be Allowed on Facebook?», яғни «Балаларға Фэйсбукты қолдануға рұқсат берген дұрыс па?» деп аталады.

Қысқаша айтып кететін болсақ, жасы 13-ке толмаған жасөспірім, Фэйсбуктың саясатына сай сайтқа тіркелуіне тыйым салынған. Енді, жақында ғана Марк Цукербергтің айтып кеткеніне қарағанда, олар осы шектеуді алып тастап, 13-ке дейінгі балалардың да Фэйсбукты қолдануға рұқсат беруді жоспарлап отыр екен. Олардың  келтірген дәлелдері, «онсыз да, бүгінгі күннің өзінде, сол сайтта 12 жасқа толмаған 7.5 миллион балалар заңсыз тіркеліп, қолданып жүр». Егер кішкентай қолданушылардың сайттағы әрекеттерін заңдастырса, онда олардың тәрбиесі кері, жаман сөздерді қолданатын, ұятсыз контентке кіру мүмкіндіктерін шектеп, оларды бақылау астына ала алатындықтары туралы айтып кетті.

Балалардың мүлдем Фэйсбуктан аластатылғандары ма, әлде оларға бостандық беріп, ол бостандықтың бақылауға алынғаны дұрыс па? Түсінгенім, Балалардың осы әлеуметтік торды пайдалуналарына тыйым салынса да, кішкентайлардың оған тіркелулеріне ешнәрсе де кедергі емес. Демек, балалардың интернеттегі әрекеттерін қадағалау – толығымен ата-ананың мойнында.

Кәзіргі жастардың балалық шақтары сандық ақпарат ғасырының дамуының ең шыңына тап келетін шығар, және де олардың интернетке кірулерін шектеу қиын мәселе болып келеді. Бірақ ең маңыздысы, олардың Фэйсбукта ғана емес, жалпы интернетте өткізген уақыттары барынша қауіпсіз болғаны. Шыны керек, ата аналар не істеуі керектігі туралы көптеген мәлімет таба алса да, іс жүзінде қалай асырылатындығы туралы ешқандай білімдері жоқ.

Менің ойымша, біздің мемлекет, мектептерді, университеттер мен колледждерді сандық құралдармен жабдықтауды мақсат көріп, іске асыруға асығып тұрған кезде, осы игіліктерді пайдаланудың да сауаттылығы мен сауатсыздығы да бар екені ешкімді де ойға салып жүрген жоқ сияқты. Ғаламтордың ұшы-қиыры жоқ ақпарат теңізінде, біз қаншалықты өзімізге, бала-шағамызға дұрыс бағыт бере аламыз? Ертеңгі күні, Фэйсбуктың біздің балаларға таза ауадағы ойындарына, кітап оқуларына, достарымен бетпе-бет араласқандарына кедергі болмас үшін қолымыздан не келеді? Осы сұрақтарды әр бір ата ана өз өзіне қою керек сияқты. Ғаламтор перзенттеріміз үшін батыратын құрал емес, ұтқызатын құрал болуы қажет, сол мақсатта өзіміз қандай үлес қоса аламыз?