ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ҚАУІПТІ
блог
Психологтардың айтуынша жалғызбасты әйелдерге Facebook-і таныстарының профильдеріне қараудың қажеті жоқ. Ол, олардың денсаулықтарына зиян келтіруі мүмкін. Зои Стимпель әлеуметтік желілердегі қолданушылардың керемет өмірімен, супер үйлену тойы мен балаларының фотолары, жалғызбасты әйелдердің жан дүниесіне кері әсер ететін айтады. Бұл жағдай жалғыз басты әйелдің басқаның өміріне деген қызғанышын оятады. Мамандар жалғыз басты әйелдерге толығымен әлеуметтік желілерден бастартуды ұсынады. Стримпелдің айтуынша нәзік жандылар интернеттен өзіне серігін белсенді іздейді. Әлеуметтік желілердегі кандидаттардың (болашақ күйеу жігіт) профильдерге қарай отырып анализ жасайды. Кейін бұл еркектер оның өмірінде бар деп санайды. Бірақ әлеуметтік желі арқылы таныстық пен бетпе-бет таныстықтың арасы жермен көктей. Әлеуметтік желідегі танысыңыз сізге компьютердің бетінде керемет, шынайы өмірде басқаша болуы мүмкін. Осы жылдың мамыр айында Nielsen компаниясының зерттеуіне қарасақ Америкалықтар Facebook әлеуметтік желісіндегі әңгімелесуге 53 млрд минут уақытын кетірген екен. Әлемдік ірі әлеуметтік желі осылайша адамдардың бос уақытын алудан бірінші орында. Сонымен қатар басқажа әлеуметтік желілер, блогплатформалар қаншама нәзік жандының уақытымен арманын алып жатқаны беймәлім.
http://sabaq.kz/