Әлеуметтік және құқықтық көмек

Әлеуметтік және құқықтық көмек
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемсіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған және оқшауланған аймақ сотталғандарына әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бойынша жиын өткізілді. Жиынға Маңығстау облысы Әділет Департаментінің жетекші маманы Бердиев Абылай Азидоллаұлы, Маңығстау облысы Әділет Департаментінің инспекторы Амангелдин Дархан Айдарұлы, Ақтау қаласының жекеше нотариусы Шегемов Сержан Дингуатович, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының адвокаты Таласбаев Аслан Масхарович және Азовсков Владимир Федорович,Маңығстау облысы бойынша ҚАЖД САТЖБТ инспекторы әділет майоры Цхай Ирина Александровна шақырылды. Кеңес отырысында жазасын өтеушілерге жеке ісі бойынша талап арыздарына, рақымшылық заңын қолдану жөніндегі мәселелер бойынша, Қазақстанда немесе шет елдерде ата-анасы балаларын алып жүру тәртібі бойынша сұрақтар қаралды. Жазасын өтеушілер кеңес отырысында талқыланған тақырыптар бойынша толығымен және басқа да керекті мәліметтерін алды.