Әлеуметтану және саясаттану
блог
Қоғам - бір-бірінсіз құлайтын, жинақталған тас күмбезі.
Сенека
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
Саясаттану мен әлеуметтану мамандығының бір-біріне әсері, арақатынасы, айырмашылығы, ұқсастығы, ортақ жерлерін осы эссе арқылы ашып көрстуге тырысамын. Бұл жерде біз бірінші болып Р.Мертон мен Т.Парсонстың үлкен және орта деңгейдегі ілімдерін еске салып кетуімізге болады. Американдық ғалым Т.Парсонс әмбебаптылықты насихаттаса, Р. Мертон оған кері теорияны ұсынады. Бұл теорияларды дұрыс, бұрыс деп бағалауға біздің қақымыз жоқ. Бірақ барлық ілімдердің философиядан бөлініп шыққанын ескере келіп, Р. Мертонның ілімі жеке басымның көзқарасына жақын. Келесесі аталмыш ғалымның құрылымдық функционалдық талдауы туралы. Оның саясаттануда қолданылу аясы кең. Мысалы, Д. Истонның 1957 жылы ұсынған « Саяси жүйелерді талдаудың тәсілі» атты теориясын айтуға болады. Бұл теорияға дәл осы құрылымдық функционализм әсер етті. Бұл талдау бихевиоризм шеше алмаған мәселені шешіп берді. Ол саясатты біртұтас ретінде қарастырды. Дәл осы құрылымдық-функционалдық талдау саясаттанудағы салыстармалы саясаттану бағытының дамуына едәуір ықпал етті.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ал әлеуметтану мамандығы қоғам мен адам арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу болып табылады. Бұл тұжырымдардан екі мамандықтың бір-біріне ұқсастығы өте көп екенін байқаймыз. Жалпы әлеумет сөзі қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым,қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес. “Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Ал әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам — өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік организм өзара табиғи байланыстарына қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым — жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары теологиялық, натуралистік, сыни және т.б. деп бөлінеді. Осылардың ішінде әлеуметтік парадигманы толыққанды айтып өтсем. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.Мысаыл, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі, құрылысы қажетті түрде өзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі, бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды. Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға «құқық үстемдігі» теориясын жатқызуға болады. Оның негізін салушылар Р. Моор, Дж. Гудман, Г. Макдональд және т.б. саясатты құқық тудырады деп санайды. Олардың ойынша бір заңның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң келеді. Сөйтіп заңдардың бірін-бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді, алға жылжытады. Яғни заңдардың алмасуы қоғамның қозғаушы күшіне жатады дейді. Сондықтан саяси өмірді сараптап, талдау үшін, олардың пайымдауынша, зерттеуші құқықтық нормаларды зерделеуі керек. Әлеуметтік парадигманың бір түрі ретінде мәдениеттанулық көзқарасты қарауға болады. Ол саясаттың мәнін, саяси процестердің мазмұнын адамдардың мәдени даму деңгейімен, ұстанатын, басшылыққа алатын құндылықтарымен түсіндіреді. Адам соған байланысты саяси өмірде іс-әрекет жасайды деп қарайды.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды. Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз. Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады
Саясаттану мен әлеуметтануға ортақ тақырыптардың бірі қоғам мәселесі.
Қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай
Социология пәні мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар:
- · әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;
- · саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;
- · саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды.
Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра қарастырғанда ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология да жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси құрылымын зерделей алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында жасайды.
Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең алдымен азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен ұйымдардың орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға оның әлеуметтік құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және басқа да әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және т.б. тұрғысынан қарайды. Тағы да бір саясаттану мен әлеуметтанудың ұқсастығы Платон «Мемлекет »еңбегінен көрінеді, ол бойынша қоғамыд 3 топқа бөледі:
- Жоғарғы тап- мемлекетті басқаратын данышпандар
- Ортаңғы тап- мемлекетті тәртіпсіздік пен соғыстан құтқаратын жауынгерлер
- Соңғы тап-шаруалар мен қолөнершілер
Енді Платонның ойынша: Жоғарғы тап өкілдері өте бай және билікті арам пиғылда қолдануы мүмкін. Оны болдырмас үшін олардың жеке меншік иемдену құқығынан айыру керек деп есептеді. Және мемлекет басына 50 ден асқан, жоғары білімді данышпандарды жіберу керек дейді.
Келесі ойшыл Аристотель де Платон секілді қоғамды 3топқа бөлді. Бірақ ол мемлекетті басқару жақсы болады деді, егер:
- Ортаңғы тап саны басқа екеуінен көбірек және мықтырақ болса;
- Кедейлерді де мемлекет басқару ісіне араласуға қатыстырса;
- Байлардың эгоистік қызығушылығын шектесе;
- Ұжымдық меншік адамды зұлым болуға итермелеген соң, әрбір адамның жеке меншігі болса;
Орта ғасырдағы Николло Макиавеллидің «Билеуші» еңбегі. Ол адамдарды өзін-өзі ұстау заңдарынан тұрады. Және лидерге қажет мінездерді атап көрсетеді. Ол арыстандай айбатты , түлкідей қу болу керек дейді.
Келесісі Томас Гоббс. Ол қоғамдық келісім теориясын жасап шығарған. Бұл теория азаматтық қоғамның негізгі оқыту құралына айналды. Жән бірінші болып мемлекеттік басқарудың үш түрін анықтап кетті:
- Монархия
- Демократия
- Аристократия
Қазіргі этап ( 19 ғасыр ортасы мен 20 ғасырдың басы)
Бұл этаптың алдыңғы екеуінен ерекшелігі сол, еуропалық қоғамның түбегейлі түрде капиталистік дамудың жолына түсті.
Капитализмнің алғашқы жартыжылдығы:
Огюст Конт (1798 – 1857)
Ол ауру қоғамды тек сол туралы ғылымды құрып қана емдей аламыз деді. Оның ашқан заңдарын адамдар арасындағы қарым-қатыгасты жақсы тұрғызу үшін мектептерде, университеттерде оқыту керек екені айтылды. Және оны социология деп атау туралы ұсыныс білдірді. Оның жеке ғылым болып қалыптасуына тигізген ықпалы: сол социологияның пәнін, зерттеудің тәсілдерін көрсетіп кетті.
Карл Маркс (1818 – 1883)
Оны әлеуметтік конфликтінің бастаушысы деп атауға болады. Себебі , ол реформалаудан гөрі, оны жаңамен ауыстыра отырып, құрту керек деді. Және Конттан ерекшелігі капитализмнің негативті бөліктеріне көп көңіл бөлді. Капитализм жағдайында ештеңені өзгертуге болмайды деп есептеді.
Капитализмнің дамыған кезеңі
Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917)
Конт секілді ол да француз болды. Адам қоғамындағы бастысы әлеуметтік ынтымақтастық деді, ал оны құратын күш ұжымдық сана екенін атап көрсетті.
Макс Вебер (1864 – 1920)
Маркс отандасы Дюркгейммен мезгiлдес өмiр сүрдi. Дюркгеймге қарағанда индивидтерді жоғары қойды. Дамытудың себептерi мәдени байлықты санады, интеллигенцияға сендi. Басы адамгершiлiк қоғамда ұжым емес, индивидтің санасы деді.
Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер.
Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдардың Ф.Ницше мен А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де сезіліп тұрған еді. Моска позитивзмге екі жақты көзқараста болды, өйткені осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына берілгендігін сақтап қалды.
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын - саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты әлеуметтік құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильмен қалыптастырылған.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.
Саяси әлеуметтану әдістері - макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге құжаттарды талдау,бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялық әдістері қолданылады.
Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен социологиялық көрісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан айқындалған еді. Соңғысы мемлекеттің социологиялық теориясының негізін құруға ерекше үлес қосты және саяси социологияның ең жақын туысы - саясаттану ғылымының идеясы мен бірқатар принциптерін қалыптастырады. Әрі қарай саясат пен мемлекетті социологиялық түсінудің түрлі аспектілерін Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гобсс, Ш.Л.Монтескье, А.Токвиль және басқалар қарастырды. Саяси социологияның қалыптасуына мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды ашушылар шешуші үлес қосты. Оның өкілдері француз және неміс энциклопедистері К.А.Сен-Симон, Дж. Локк, А.Фергюссон және Гегель болды. Кейін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап социология жеке пән болып дамыды. Жоғарыда айтылған мемлекет пен азаматтық қоғам арасын айырып алу, саясатты оны әлеуметтік саласымен өзара әрекеттесуі арқылы зерттеуге алғышарттар жасап берді. Мұндай алғышарттар Батыс социологиясында М.Вебер тарапынан, элита тұжырымдамасын жасаушылар (В.Парето, Г.Моска), саяси партия тұжырымдамасы өкілдері (Р.Михельс, М.Острогорский), мүдделі топтар және қысым көрсетуші топтар тұжырымдамасының өкілдері (А.Бентли, Д.Трумен), саяси зерттеулердің эмпирикалық мектебі немесе “чикаго мектебі” өкілдері (Ч.Мерриам, Г.Лассуэл, Г.Госкел және басқалар) және басқа бірқатар мектептер мен бағыттардың өкілдері тарапынан іс жүзіне жүзеге асырылды.
Батыста саяси социологияның қалыптасуы жалпы социологияның дамуымен және саясаттану ғылымымен өзара бәсекелестікте даму нәтижесінде іске асты. Саяси социология осы екі пәннің проблематикасы мен ыңғайларын байланыстырушы ғылыми білімнің саласы ретінде пайда болды. Саясатты зерттеуші социологтар саясатты, әлеуметтік құрылымды, формальді емес әлеуметтік институттарды, қоғамдық пікір мен жүріс-тұрысты, әлеуметтік-саяси процестер, нормалар мен қатынастардың бүкіл кешенін талдау арқылы қарастыруды, тұлға мен кіші топты, олардың психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамаларын т.б. толық күйде зерттеу арқылы ұсынды.
Жалпы саяси социологияның дамуымен олардың функциялары ретінде жаңа білімнің генерациясы, алынуы (танымдық), саяси шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету, саяси тұрақтылықты қолдау (тәжірибелік-саяси), саяси әлеуметтенуге қол ұшын беру (тәрбие-дүниетанымдық) және басқалар қалыптасты. Саяси социология әлеуметтік саяси өрлеудің және қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ең дұрыс үлгісін анықтау мен іздеуде нақты міндеттерді шеше алатын болды, саяси идея мен мұраттарды, саяси нормалар мен әдет-ғұрыптарды, саяси ақпарат пен білімді таратуды, саяси қатынастар мен байланысты, әлеуметтік өзара байланыстар, тәуелділіктер, құбылыстар мен процестер жалпы білімдерді тереңдете түсуді, осының бәрін ортақ социологиялық білім ретінде байыта түсуді іске асыра бастады.
Қорытындыласақ, саясаттану мен әлеуметтану, әрине бір-біріне ең жақын ғылымдардың бірі болып саналады. Зерттеу әдістері де бір-біріне жақын. Екеуі екі бөлек ғылым болғанымен тығыз байланысты.