Тоғыз ай бойы құрсағыңда көтерген ана жаным,
Борышымды өтеуге өмір бойы қарыздармын.
Әлемнің сұлулығын сыйлаған асыл ана,
Махаббатқа лайықты тек сен ғана.
Үйге келсем күлімдеп ана сен тұрасың,
Тәтті ас берген соң өзіңмен бірге қыдыртасың.
Сыйладың маған өзіңдегі бар жылуды,
Осының бәрін ана ешқашан да ұмытпаспын!
Жанашырым, жан анам аман болшы,
Сондықтан сұрайтыным бар Алладан-
Берсінші деп жаратқаным
Өзің үшін бұл өмірдің бір ғасырын!