Әлемнің жарығын сыйлаған Ана

Жайма шуақ сәулелерін төгетін,алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,көңілдерге қуаныш нұр төгетін,жақсылықтың нышанындай имандылық пен ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,тойдың қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ. 

Құрметті ақ жаулықты әжелер мен ардақты аналар,қаракөз қыздар!Сіздерді көктемнің шуақты күніндегі- 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. 

Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі. Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы.Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының перзенттері.Сен мейлің 50-де бол,жүзде бол бәрібір анаң үшін сен перзентсің. Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. «Бала – ананың жүрек еті,әкенің білек еті»-деп ата-бабамыз айтқандай,ана үшін баланың орны ерекше. 

Батырды да ,данышпанды да дараны дүниеге әкелген аналарымызды қуанышқа бөлейтін әсем күнді жай ғана мереке емес патшайымдар күні дер едім. Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес,ол мемлекеттік өмірге саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.Алаштың ұлтжанды азаматтары,ұлттың да ,ұрпақтың да бесігін түзейтін,тілімізді де , дінімізді де ана сүтінен санаға сіңіретін ,қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. « Күннің шуағы-жылы, Ананың құшағы-жылы»,-дегендей ,дүниеде ананың балаға деген,барша азаматқа деген мейірімі мен махаббтынан асқан құдірет жоқ.Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. 

Қазақ халқының байырғы ата-бабалар үшін де Өзен-Ана,Күн-Ана,Ай-Ана.Халқымыз қасиетті қара жерді де - Жер-Ана деп құрметтеп,туған тілін-Ана тілі деп есептеген.Иә,анаты алып Бәйтерекке де теңейміз, «бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербеген» ананың аялы алақаны ,асқан мейірбандылық пен төзімнің арқасында Жаратқан берген ғажайып ақыл мен мынау шексіз дүниенің иесі-адамзат өмір сүріп өркендеп өсіп жатыр.Ақындарымыз жырына қосып,әлемдегі бар жақсы теңеуді әйел жаратысына арнап, тасқа қашап салып,кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде қалыптастырып қалдыруда. Жалпы, ана тақырыбының арғы бастауында біздің бүгінгі баға жетпес байлығымыз – алтын азаттығымыздың көне жүлгесі жатқандығын аңғарар едік. 

Ана бейнесі арқылы біз қазақ жастарының рухын жаңа белеске көтеруіміз керек. Ұлттық құндылықтарымыздың қайта жаңғыруы жолында асыл Аналар өткен жолдан ғибрат ала білгеніміз дұрыс. Ана бейнесі мемлекетіміздің дамуына жол салып, қоғамның ынтымағын, бірлігін нығайтатын ұлы күшке айналуы тиіс. 

Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.



Бөлісу: