Әлемнің әсем әшекейі...нәзік жандылар!

Әлемнің әсем әшекейі...нәзік жандылар!
жеке
блог

Ғаламшарды ғажайып ғаламатқа толтыратын ғазиз жандарға...!!!

 

Әйел – бақыттан келген шақырту. Шарль Бодлер

Әйел патшалығы – бұл нәзіктіктің, биязылық пен төзімділіктің патшалығы. Жан Жак Руссо

Егер әйелдікі дұрыс болмаса, одан дереу кешірім сұра! ) Франсис де Круассе

Әйелдің ойы ер адамның ойынан тазарақ, себебі ол ойларын жиі ауыстырады. Оливер Херфорд

Әйел адамның құқықтары – ерлердің міндеттері. Арл Краус

Табиғаттың әйел затына өсиеті: қолдан келсе, асқан сұлу бол, қаласаң, дана бол, бірақ саналы болу – парызың! Пьер Огюстен Бомарше

Ер азаматтың мойнын айналдыра ораған әйелдің қолдары – оған тағдыр тарту еткен қорғаныш. Джером К.Джером

Әйел – жел, найзағай, қуат көзіндей табиғат күші. Х.Торри

Әйел заты театр секілді – бүгін комедия, ертең трагедия, ал арғы күні – басқа қалада гастрольдер!)))

 

Әйел затының интиуициясы ер адамның сенімділігінен әлдеқайда дәлірек. Р.Киплинг

 

Әйелдерсіз өміріміздің бастауы қолдаудан, ортасы -  рахаттан, соңы – жұбаныштан мақұрым болар еді.  Никола Шамфор

 

Әйел үшін білім алу – абырой, ал тартымдылық – қажеттілік. Дельфина де Жирарден

Кей жағдайларда бір әйел жүздеген ерден табылмас көрегендік, алғырлық, зеректік танытады. Готхольд Лессинг

Егер әйел берілмесе, ол жеңеді, ал егер берілсе – жеңімпазға талап қояды. Карел Чапек

Әйелдер достыққа тек махаббаттан қарызға алғанын береді. Никола Шамфор

Әйел затының арманы – армандағы әйел болу. Эдуард Севрус

 

Әйел жүрекпен ойланады. Виссарион Белинский

Ғалымдар әйелдердің не қалайтынын анықтады, бірақ әйелдер ол қалауынан айнып үлгерді. )))

«Нағыз әйел затына лайық болыңыз, әр алуан болыңыз, ұсына білетін, ойлап таба білетін, бағыттайтын әйел, бақталастық пен агрессияны білмейтін, күресуден ада, бойына тек татулық тән, өзінің әлсіздігін әсерлі ете білетін, өз-өзімен үйлесімде өмір сүретін әйел, еркін әрі сабырлы әйел, яғни, жаныңызда ер адам өзін нағыз ер азамат сезіне алатындай әйел болыңыз!»

Баронесса Надин де Ротшильдтің әңгімелерінен

 

Әрбір қыз жыл өткен сайын әдемілене түседі, бұл – факт.

«Егер әйел адам 5 уақыт Намаз оқып, Рамадан айында Ораза ұстап, зинақорлықтан өзін ұстап, жұбайының тілін алса, Жұмаққа кірер есікті өзі таңдайды».

Бота көз, қазақ қызы, кең маңдайлы,
Алыстан қыр жазындай гүл жайнайды.
Тәңірім өз қолымен құйып қойған,
Қалар ем қазақ қызын берсе де айды.

Тәңір Ием тал бойына тылсым сұлулық , жанына назды нәзіктік салып жаратқан Жер ғаламшарының әсем тұрғындары - тарихтың әсем тарауларын тербеткен ғазиз тұлғалы Қыз жібек пен Баян сұлудың ізін басқан сіңлілері! Көрікті көктемнің шымылдығын ашқан шаттығы мол мерекеміз құтты болсын! Әйел жаны қашан да сұлулыққа жаны құмар! Әрбіріңізге жан мен тәнді үйлестірген шынайы сұлулық  тілеймін! Әрбір таң шапағымен, зымырап өткен жылдар ағымымен құлпыра беріңіздер! Бүгінгі балауса балғын ару – ертең ертегідей сұлу бойжеткен! Аллаһ әрбір аруға бақ беріп, қолдарыңызға бақыт құсы келіп қонсын! Бүгінгі қылықты ару – ертеңгі асыл ана! Аяулы аналарымыз ешқашан қартаймасын! Ана бақытын жаңа сезінген жас әйел – Иншалла, ертеңгі ақ жаулықты әже! Данагөй әжелеріміздің өмірі ұзақ болсын! Шын жүректен бәрімізге де екі дүниенің бақыты нәсіп етсін деп тілек етем!

Ізгі ниетпен: Аққу