Тәуелсіздік күнінің қарсаңында «ALMATY» қонақүйінің «Астана» конференц залында TURKISH AIRLINES авиакомпаниясыныңжаңа қызметінің таныстырылымы өтті. Бұл компания 6 жыл қатарынан (2011-2016жж) Еуропаның үздік авиакомпаниясы деп танылды. TURKISH AIRLINES жиылған қауымға «STOP OVER IN ISTANBUL» қызметімен таныстырды. Енді Алматы немесе Астана қаласынан Америкаға (Канада, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Колумбия, Панама, Куба), Африкаға (Дурбан, Кейптаун, Йоханнесбург т.б.), Еуропаға, Ұлыбританияға ұшқан кез келген транзиттік жолаушы Ыстамбұл қаласында тегін қонақүйде орналаса алады. Рейс арасынадғы үзіліс 20 сағаттан асқан жағдайда бизнес-класс жолаушылары HiltonIstanbulBomonti қонақүйінде 2 тәулікке, ал эконом-класс жолаушылары 1 тәулікке Grand Yavuz Hotelқонақүйінде орналаса алады. Ол үшін рейске тіркелу кезінде ваучер алу қажет.
«TurkHavaYollariAnonimOrtakligi» АҚ филиалының директоры Хасан Саваш Ерден (HasanSavasErden):«Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы достық, бауырластық бұрыннан бар екені белгілі. Қазақ елі аңсаған азаттығына қол жеткізгенде алғаш болып Түркия елі құттықтаған болатын. Және Алматыға алғашқы халықаралық рейс 1992 жылдың мамыр айында келген. Ыстамбұл қаласына Астана мен Алматы қаласынан рейстер тұрақты түрде ұшады. Ыстамбұл қаласы Азия мен Еуропаның ортасындағы ғажайып қала. Сол үшін де біз өз жолаушыларымызға осыындай қызметті ұсынып отырмыз»
Сондай-ақ, таныстырылымға келген қонақтарға арнап TURKISH AIRLINES компаниясы сыйлықтар ұсынып, ұтыс ойынын өткізді.