Әлемім менің әдемі!
Бір өзгеше,бар менің ішкі әлемім
қиялға толы,бояуы қанық әдемі!
Шыққым келмей,қалатын кездер болады,
Түсінгім келмей,тіршілік деген,бәлені!
Мұңым да бар,жүректі қинап,тырнаған
Бақыттың балын,ішкізбей маған,ұрлаған!
Ұмытқым келіп,жиі-жиі кіремін,
Әлемім менің,қорғаныш болып,тұр маған!
Қиял мен өмір.
Жан-дүнием менің,түсініксіз,тіпті өзіме,
Әлемім бар бөлек,құрылған қиял,сезімге!
Ұшып жүрем онда,бұлттардай ақша,қалықтап,
балалық шақтан,солаймын әлі,есімде!
Осы ұлым адам,болар ма екен деп әкем,күрсінген,
Ойнамай ,оқып,тек қана кітап,күн-түнмен.
Көзімнің алды,қарайып ісіп,оқудан,
Қызықты әлем,кітаппен бірге,жыр сіңген!
Қиялым мені,ғарышқа дейін ұшырды,
Жыр менен өлең,силыққа маған,ұсынды!
Шықпай ақ қояр,едім ғой ғажап әлемнен,
Мейрімсіз өмір,аяқтан тартып,түсірді!
Ессіз көбелек.
Көлбеңдеп ұшқан көбелек,
өзіңе айтшы не керек?
Айналып ұшпа маңымнан,
қайталап айтам шегелеп.
Өтінем де,жалынам,
Оралар киген кебенек!*
Мен сенің теңің емеспін,
сен сезім болсаң,мен елеспін!
Көбелек болсаң,мен-алаумын,
шығарам қайтсем,сені естен.
Тиым салынған қалауым,
Досымның-досы емес пе ең?
Ілінсең де құштарлық пышағына,
түссең де,сезім шіркін,тұзағына!
Қайтсең де,жаныма жақын келме,
кең тұсау,арқаныңмен ұзағына.
Неғұрлым,сен меннен қашып жүрші,
Өртенесің,құласаң құшағыма!
Жаратушы.
Үш мың да тоғыз жүз тоқсан жетінші жыл.Иса пайғамбардың туғанынан бері.Жаңадан ойлап табылатын ештеме қалмады.Ғалымдарға қиын болды.Бұрыннан ойлап табылғандарды жетілдіріп,немесе мен сияқты бұрынғы теорияларды дұрыстығын не бұрыстығын дәлелдей бастады. Мен қатты ойландым.Қайсы теорияны дәлелдесем екен.Эйнштейннің салыстырмалық теориясы баяғыда дәлелденген...дұрыс емес екендігі.Мен тіршілік,бүкіл әлем үлкееен жарылыстан пайда болды деген теорияны дәлелдеуге кірістім. Соңғы үлгідегі супер компютер сатып алдым.Содан кейін үш өлшемді кеңестік пен біздің әлемдегі барлық физикалық заңдар сақталған бағдарлама жазуға кірістім.Ол бағдарламадағы уақытты салыстырмалы түрде әлденеше рет жылдамдаттым,мысалы;біздегі бір секунд,ондағы мың жыл.Бірақ қалаған уақытта ақырындатып зерттей аламын. Онда да үлкен жарылыс болды.Жұлдыздар,планеталар, галактикалар пайда бола бастады.Уақыт өте келе... о құдай,! Тіршілік пайда бола бастады.Иә,мен неге құдай дедім а???Құдай жоқ,жоқ !!!деп айқайладым өзіме өзім. Міне бір планетада ақыл иелері де пайда болды.Мен тіпті уақытты да ақырындатып қойдым.Кей кезде шын уақытпен бірдей қылып та зерттедім.Өте қызық!Олар да құдайға табына бастады.Сонымен қойшы,не керек,олардың мәдениеті дамый бастады.Ғарышқа да шықты,бүкіл галактикаға тарала бастады. Уақыт өте келе мен анда санда бір рет қана қарайтын болдым.Бейне бір компютер ойынын ойнағандай. Бір күні жүрегім тоқтап қала жаздады.Бір мен сияқты ғалымсымақ тура менікіндей эксперимент жасап жатыр екен.Міне саған құдай жоқ.!?
Адасқандар.
Бұл ғарыштық кеме адамзат ақыл ойының соңғы жетістігі еді.Адамдардың ғарышқа шыққанына тұп-тура мың жыл болған еді.Бұл кеме мың жыл бұрынғы кемелерге қарағанда,тасбақа мен қабыланның айырмашылығындай еді.Түрінде емес, әрине,жылдамдығында. Біздің галактиканың орталығын,және де біраз аиналасын біз қоныстанып болдық.Енді шет жақтарын зерттеуге,шама келсе қоныстануға аттанып барамыз.Сөз арасында айтып қояйын ,бөгде планеталықтарды әлі кездестірген жоқпыз.Ақыл иелерін айтам.Ал мақұлықтардың сан алуан түрін кездестірдік.Мүмкін әлі кездесерміз. Мен кеме капитанымын.Есімім жоқ.Тек қана нөмір001 Ат алуға әлі еңбек сіңірген жоқпын.Және де меннен басқа 999 қыз-бозбала.Жаңа өмірге, жаңа күн жүйесіне аттанып бара жатырмыз.Барлығы да бірнеше мамандық иелері. Біздің кеме мүлде жаңа тәсілмен ұшады. Дәлірек айтқанда өте ескі тәсіл.Бұдан сегіз жүз жыл бұрын бұл тәсілмен жүз ержүрек ғарышкер ұшқан екен,жоғалып кетіпті. Ол кезде кеткен қателіктер қайталанбайды дейді ғалымдар. Ол кезде салыстырмалы түрде айтқанда,дейді ғалымдар,реактивті қозғалтқышты сиырға байлап ұшырғандай болған.Ол миссияның жүзеге асуы мүмкін емес еді. Шынында да бұл ұшыуымыз басқаша болды.Қозғалтқышты қосқанымыз сол екен,біз де ,қалай айтсам екен,жоғалып кеттік.Айналамыздың бәрі тұманданып,бұлдырап бара жатты.илюминатордан түк көрінбейді.Енді бұл қозғалтқышты сегіз жүз емес,сегіз жүз мың жылға тыйым салатын шығар.Сіз ойлап отырған шығарсыз,недеген ақылсыздар,сынақтан өтпеген кемемен, қаншама баланы,..-деп.Қорықпаңыз біздің қоғамда жүз милиардтан астам адам бар,екіншіден бұл қозғалтқыштың жұмыс істеу тәртібіне байланысты\уақыт пен қашықтық\,үшіншіден біз бәріне де дайынбыз,деп қол хат жазғанбыз.
Есімізден танып кетіппіз. Есімді жинасам бір жұлдызды орбита бойынша айналып жүр екенбіз.Барлығы да оянды. Кеме істен шыққан ақырындап күнге құлап келеді екен.Не істеу керек? Күннен кейінгі үшінші планетада оттекті атмосфера бар екен.Құтқару қайықтарына отырып сонда қондық.Климаты суық екен.Жануарлар да бар екен.Қалың жүндері бар алып жануарлар.Біз экваторға қоныс аударуға шешім шығардық. Міне тосын сый!Планетада ақыл иелері бар болып шықты.Өздері қап қаралығы болмаса тұп-тура біз сияқты екен.Иә-иә!Бірақ жабайы,от жағуды біледі, тіпті өздері сөйлеуді де біледі екен.Кей сөздері бізге келіңкірейді екен.Мағыналары ұқсайды. Біз оларды таптық. Бұдан сегіз жүз жыл бұрын ұшқан ғарышкерлердің ұрпағы екен бұлар. Ұшып жеткен соң,бұлардың да кемелері бұзылады.Бірақ бұлардікі күнге емес,планетаға құлайды.Біз сияқты бұлар да құтқарушы қайықтарға мініп аман қалады. Ал планета болса,алып кеме өз салмағымен құлаған соң,жер сілкініп ,жанартаулар атқылап,атмосфераны күл басып,суый бастайды.Суықтан суыққанды жануарлардың барлығы өліп қалған екен.Алыптар әлемі,ергежейлілер әлеміне айналыпты.Құтқарушы қайықтардың энергиясы біткен соң,үшінші,төртінші буыннан соң жабайылана бастаған.Олар бұл планетаны отанымыз сияқты Жер,деп атапты..
Мен кеме капитанымын.Есімім жоқ,тек қана нөмір002.Біздің ғарыштықтық кеме мүлдем жаңа тәсілмен ұшады.Турасын айтқанда өте ескі тәсіл.Бұдан сегіз жүз мың жыл бұрын...
Ортақ тіл.
БҰҰ-ның бас хатшысы Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбайдың сөйлеген сөзінен үзінді;
-Мен жалпы ұлтшыл емеспін.Бірақ басқа ұлттардың өз тілін жоғары санап,басқа ұлттарға тықпалап отырғаны өтірік емес.Мысалы:ағылшын тілі,програмалау тілі,техникалық терминдер және тағысын тағылары.Француз,испан,орыс тілін қайда қоясыз.Бұлардың бәрі бұрын отары болған елдер.Әлі күнге дейін империялық кеудеден арылмаған.Саны күннен күнге артып келе жатқан қытайлар да бар.Әр әрекет қарсы әрекет туғызады.Басқа ұлтардың да кеудесінде жан бар.Олар да өз тілдерін алдыңғы қатарға шығарғысы келеді.Сондықтан да ешбір ұлт өзін кем сезінбеу үшін мен мынаны ұсынамын;
№1Бүкіл мемлекеттердің ғалымдарынан құрылған комиссия құрылсын,жер бетіндегі барлық ұлттардың жоқ дегендегі бір сөзі бар ортақ тіл ойлап табылсын.
№2Әр мемілекет бұл жобаға ақша бөлсін
№3Бұл жобаның штаб-пәтері Астанада болсын