Әлемдік діндердің суицидқа көзқарастары
блог
Әлемдік діндердің суицедке көзқарастары.
Сөздің басын,істің басын бісміллә деп бастаған аталы елдің ұрпағымыз.Әл Мисақтан мұсылман болдық.Шариғатты құп көрдік.Сеніммен бекітіп,істе де кем қалдырмадық.Деректерде айтылғандай батыр бабамыз Қабанбай дәретсіз жер баспаған.Тіпті құлшылық үстінде өмірімен қош айтысқандары кездеседі.Бұл жағдайды кейбір сыншылар суицид яғни өз өлімін біле тұра көндігу десе,енді бірі Алланың тарапынан мәртебесі жоғары өлім яки шаһиддыққа балады.
Қазақта өз өзіне қолсалмақ түгілі,адам өлтіруді құп көрмеген.Дала соты,Жеті жарғыда кездесетін қылмысқа қарсы жаза түрлерінде өз өзіне қолсалу айтылды мекен?Түзді өміріне мектеп қылған бабаларымыз,қартайған қыранның жардан құлауынан нендей ой түйуі мүмкін?
Кеңестен бертін келі туылған біз секілді жас буынға дін еміс еміс естілгені бар.Асылып өліпті дегенді барынша жасырған болып,ауыл молдасына жаназа оқытып жатады.Әйтпесе марқұмды жерлемейді екен.Себебі күнә!!! Көкейде қалған жағымсыз ойды ізденіп көргім келді.Біздің дін не дейді? Өзге дінде қалай? - деген сұраққа жауап таппақпын.Әсте сізгеде қызық болары анық.
Үнді діндері:
Индуизмде суицид құпталмайды. Ахимса кодексін бұзады деп есептеледі. Қасиетті жазбаларда өзін өлтіргендер елес кейпінде жүреді деп санайды екен. Махабхараттада суицид жасағандар аспан деңгейіне жете алмайды.
Джайнизм суицидті химсаның ең жағымсыз, ауыр формасы санайды екен.
Буддизм бойынша суицид «өмірге зиян келтірмеу» заңын бұзу деп есептелетін акт. Тхеравада буддизмінде өз-өзіне қол салу винаи кодексіне қарсы шығып, Сангхтан шығартылатын іс саналады.
Авраамдық діндер:
Иудаизм бойынша суицид жасағандарды ақтап алуға тырысады, мысалы олардың ақыл-есі кем, немесе өз жасағандарына өкінетін еді деп. Оларды зираттың шетіне жерлейді.
Христиандық бойынша библияға сүйенетін нақты жауап жоқ. Алайда канонға байланысты 6 немесе 11 библиялық суицидтер кездеседі.
• Католицизмде «өлтірме» өсиетін бұзу деп есептеліп, алайда оның ауырлығы сыртқы факторларға байланысты бөлінуі мүмкін. Мессалар өткізілмейді.
• Православтар өз-өзін өлтіргендерге жерлеу рәсімін өткізбейді, алайда, қайтыс болған адамның психиатриялық аурулары бар болса, және де ауыр стрессті бастан кешірсе, жерлеу рәсімін өткізуге болады деп санайды.
• Проттестанттар өз-өзін өлтіру біреуді өлтірумен тең қылмыс және күнә деп санайды. Суицидке барғандарды Христ тарапынан құтқарылудан бас тартқандар деп есептейді.
Ислам бойынша суицидке нақты қарсылық Құрандық және Хадистік дәлелдермен келтіріледі. Құранда «...Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой. Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай», 4:29,30.
Одан бөлек Мұхаммед Пайғамбар айтқан: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды...»
Қорытындылай келе, ешбір дін адамның өз-өзін өлтіруін құптамайды.
ҚазҰУ,Философия және саясаттану факультеті,дінтану мамандығының студенті Мәліков Н.Ж
Жетекші:ҚазҰУ аға оқытушысы Қаңтарбаева Ж.У
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/30269/