Әлемдік деңгейдегі Қазақстандық фильмдер


Құттымұрат Әділжан Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының студенті. Жоғарғы оқу орнында оқып жүріп , режиссерлік іспен айналысып жүр. Сондықтан жас болса да, жинаған тәжірибесі мол. Біраз Отандық танымал фильмдер мен бейнебаяндардың түсірілімдеріне ат салысқан . Оның айтуынша, еліміздегі киноиндустрияның деңгейі орташа. Ол әлі даму үстінде. Ал халықтың біздің өнімдерді менсінбеушілігі көп. Неге десеңіз, олар комедияларды тамашалағанды жақсы көреді. Біз болсақ мән- мағына жаған аса көңіл бөліп, көрерменге бір ой салатын дүниелерді шығаруды қалаймыз. Тәуекел деп шығарсақ, кейін қаралым аз болып, табыс болмайды. Бұл – өкінішті жағдай, әрине. Сондықтан халық та біздің өнімдеріміздің дамуына үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді,- дейді кейіпкеріміз.
Ендеше, осы бар еңбектің жемісін айқындаған үздік фильмдердің топтамасын қарастырып көрелік...

1 орында тарих шежіресін насихаттап, өткеннің кейіндіге мұрасы боп танылған фильм- « Көшпенділер». Туынды Ілияс Есенберлиннің трилогиясы негізінде түсірілген. Фильмнің өзі де, түсірілген локациясы да кейін туристердің арасында танымал жерге айналды. Бұл- үлкен жетістік!


Топ-2. Еліміздегі ең танымал кинорежиссердің – ең танымал фильмі. Ол Орта Азияға аты, даңқы және ерлігі жеткен сақтардың патшайымы Томиристің ерлігі жайлы түсірілген.


Затаевичтің өзі тамсанған, әлемгі әйгілі, қазақтың бетке ұстар қоңыр дауысты баласы- Әміре Қашаубаев. Өнерінің айқын бейнесі болып танылған фильм де – әлемгі әйгілі. Тіпті әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған екен. Сондықтан бұл фильмді біз 3 үздікке жайғастырдық.


Топ-4. Елбасының дара жолы туралы түсірілген Рустем Әбдраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмі де көрерменнің көзайымына айналған. Әринне, бұл көп адамданр үшін күтпеген дерек болуы мүмкін.


5-ші орынға жайғасқан үздік фильм- Сергей Азимовтың «Поздняя любовь» туындысы. Қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлерін дәріптеп, әрбір қазақтың бойына сінген ерекше қасиеттердің барлығын бір фильмге сиғыза білген режиссердің еңбегі таса қалмады.


Міне, еліміздегі киноиндустрияның деңгейіне барлығымыз бірге куә болдық. Сондықтан бір ауыздан Отандық өнімдердің дамуына біз де ат салысайық. Бей-жәй қарамайық. Сонда ғана бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарында болатынымыз хақ.



Бөлісу: