Әлемдегі ең ұзын көпірді білесіз бе?

Қытайдың солтүстігіндегі Шаңдоң аймағында салынған әлемдегі ең ұзын көпір 1 шілде 2011 жылы ашылды. Құрылысы 2006 жылы басталған 42,58 км ұзындықтағы бұл үлкен көпір 4 жылда аяқталды. Циндао Хайван көпірі Хуаңдао, Цзяочжоу және Циндао теңіз аймақтарындағы қалаларды бір-бірімен байланыстырады. 8,5 миллиард доллар жұмсалған бұл көпір құрылысында 10 мыңдаған адам жұмыс істеп, 450 мың тонна болат, 2,3 миллион метр куб бетон қолданылған. Ені 35 метрлік бұл көпірдің 100 жылдық қолданымға, 8 балдық жер сілкіністеріне, тайфунға және 300 мың тонна ауырлыққа төтеп беретіні мәлімденді. 5 мың тіреуіші бар көпір, Лондондағы Тоуер көпірінен 174 есе ұзын. Циндао қаласы мен Хуаңдао аймағының арасасындағы қашықтық 30 километрге қысқарды, жол жүру уақыты 20 минутқа дейін азайды. Бұдан бұрын АҚШ-тың Луизиана штатындағы Пончартрейн көпірі ең ұзын көпір ретінде аталып келген болатын. Рекордты жаңалаған Қытайдағы көпір бұдан 4 км ұзын келеді.



Бөлісу: