Әлемдегі ең ұлы сезім.

Әлемдегі  ең  ұлы  сезім.
жеке
блог

Махаббат- әлемдегі  ең  ұлы  сезім. Бір жылда төрт жыл мерзімі болатыны сияқты адам өмірінің де күзі, қысы, көктемі, жазы бар. Махаббаттың түрлері өте коп. Ол ата-анаға деген, туған жерге деген, ана тілге деген болып бөлінеді. Ең алғашқы махаббат бізге өміріміздің ақ сүт беріп, мәпелеп өсірген анамыздан келді. Әлемде бұл құбылысты сезінбейтін, оған бас имейтін адам жоқ. Адам ес біле келе қыз бен жігіт арасында болатын махаббатты сезіне бастайды. Қазіргі заманда шынайы махаббат өте сирек кездеседі. Ұлы сезімді сезіну, иелену әр адамның өз қолында. Көпшілігі ақша,байлық немесе басқа себептермен бірге болады. Бұндай адамдардың бақытты болуы екі талай.  Ақын-жазушылар да махаббат туралы өз ойларын білдіріп, өлең жазады. Мысалы, қазақтың Мұқағалиі, Абайы және де тағы да басқа. Тек қазақ зиялылары ғана емес басқа да ұлт өкілдері де махаббат туралы жазады. Мысалы, орыстың Пушкині, Лермонтовы. Махаббат сезімі болуы үшін екі адамның арасында ұқсастық, түсіністік, сыйластық болу керек. Әлемде адамдар көп, бірақ сенің нағыз жолдасың болатын адам біреу. Онымен өмір өзі кезіктіреді.

Махаббат тек қыз бен жігіт арасында ғана шектеліп қоймайды. Әрбір азаматтың өзінің Отанына деген махаббаты, сүйіспеншілігі болады. Оған дәлел, әрбір азамат өзінің кіндік қаны тамған жерінен алыс ұзап кетсе, өз жерінің ауасын, топырағын, суын сағынады. Және де әрбір азамат әскерге барып, өз Отанының алдында борышын атқарады. Отанға деген махаббат  туралы өлен жазбаған ақын жоқ болар. Халқымыздың эстрадасында әрбір әнші Отанға деген сезімдерін өздерінің жан дауыстарымен халыққа жеткізеді.